№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Назар салыңыздар! Құрманғазы, А.Иманов,З. Мұсаханов және Хорасан ата көшесінің тұрғындары!

Назар салыңыздар! Құрманғазы, А.Иманов,З. Мұсаханов және Хорасан ата көшесінің тұрғындары!

Құрметті Жаңақорған кентінің тұрғындары кент орталығын көркейтіп абаттандыруға бірге ат салысып түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!
Қазіргі таңда өздеріңізге белгілі кент орталығындағы автомобиль жолдары бойындағы ескі ауыз су құбырларынан ақау шығып көптеген орындарда қазу жұмыстары жүріп жатыр. 2018 жылы Жаңақорған кенті орталығынан ескірген су құбырларын жаңғырту аясында жобаға сәйкес ауыз су құбырлары тартылып 4-ші деңгейлі ауыз су жүйесі жүргізілген болатын. 2019 жылдың қыркүйек айынан бері жаңадан тартылған құбырлардан үйге ауыз су кіргізуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар Аудандық ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі арқылы үстіміздегі жылы республкалық бюджеттен 515,0 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп кент орталығындағы тұрғын үйлерге ауыз су жүйесі кіргізілетіндігін жеткізе отырып, аталған бөлім арқылы ауыз су кіргізуді қолға алуды сұраймыз. 2020 жылдың жоспарына сәйкес Хорасан Ата, А. Иманов, З. Мусаханов, С. Құрманғазы көшелерін кеңейту және жол жиектерін абаттандыру, жаяу жүргіншілер тротуарын салу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, жоғарыда аталған көшелерге асфальт, тротуар салужұмыстарынан кейін құбыр салу және тағыда басқадай жер телімін қазуға ұқсас жұмыстарға рұқсат берілмейтіндігін хабарлайды. Осы мән жайларды ескеріп ауыз су тұтынушылары осы оңтайлы сәтті пайдалана отырып  ауыз су жүйесін кіргізіп құрылыс жұмыстарын қазіргі таңнан бастап 31.05.2020 жылғы мерзімге дейін аяқтап алуды сұраймыз.
28 қаңтар 2020 ж. 720 0