№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Базар бағасы қалтаға қонымды ма?

Базар бағасы қалтаға қонымды ма?

Зымыран жылдам ба, әлде нарық бағамының құбылуы жылдам ба? Қазір екі адамның басы қосылса осыны әңгіме етеді. «Мұғалімдердің жалақысы өскені жақсы ғой. Соған сай базар мың құбылды. Ал біздің жалақы өспегелі қашан? Инфляцияның салдарынан бір айдан екінші айға әрең жетеміз» деді теміржол саласында қызмет ететін ел ағасы. Айтса айтқандай, базарға барғанымызда бағаның сан құбылып тұрғанына көзіміз жетті. Оған нақты дәлеліміз де бар.

Газеттің №83 (8183) нөмірінде «Тауар құны құбылып тұр» деген мақалада кент көлеміндегі ірі сауда орындарындағы бағаны бағамдап, салыстырмалы түрде сараптаған әріптесім Әсел Рзаеваның мақаласы жарық көрген-ді. Онда күріш – 220 теңге, қарақұмық – 385 теңге, тауық жұмыртқасы 10 данасы – 350 теңге, сәбіз – 150 теңге, картоп – 120 теңге, ас тұзы – 55 теңге, рожки – 280 теңге екені көрсетілген.
2020 жылдың 20 қазанында шыққан газет нөміріне 3 айдан аса уақыт өтті. Сол кезбен салыстырғанда базар бағамы қымбаттағаны байқалады. Ет пен нан, күріштің бағасы тұрақты болғанымен, шемішке май мен құмшекердің қымбаттағаны халықтың қалтасына салмақ салып тұр.
Сұйық май биржалық тауардың бір түрі. Оның құнына биржадағы жағдайлар да әсер етеді екен. Күнбағыстан тазартылған сұйық майдың құны бір жылда 15 пайызға өсті. Бұл жайлы tengrinews.kz сайты кеңінен тарқата жазды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, отандық күнбағыс майын өндіру былтырғы жылдың қаңтар-тамыз айының қорытындысы бойынша сектордағы сұранысты 72,4 пайызға қанағаттандырса, тиісінше импорт үлесіне тек 27,6 пайызы ғана қалады. Сегіз ай ішінде ішкі нарықта майды сату 220,8 мың тоннаға тең болса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,6 пайызға артық.
Ауданға оралсақ, бүгінде кент орталығында азық-түлік сататын ірі-ірі сауда орындары көп. Әрбіріне арнайы бас сұғып, азық-түлік бағасын бағамдадық. Әсіресе тауық еті мен сұйық май, жұмыртқаның бағасы расымен қымбат. Мұны сауда орнында азық-түлік алып жүрген кент тұрғыны Фарида Асқарова жеткізді:
– Дүкенде ең қымбаты – сұйық май. Жұмыртқаның бағасы қымбаттауы қалтаға салмақ түсіруде. Мұғалімдердің айлығы өскенімен, көп салада айтарлықтай айлықта өсім байқалмайды. Сондықтан жеке кәсіп иелері халықтың да жағдайын ойлағаны дұрыс, – деп ойын ашық айтты.
Бағаны реттеу тек кәсіпкерлердің құзырында деуге келмес. Өйткені олар келген тауардың құнына 20-30 пайыздан артық қоса алмаса керек-ті. Үкімет әлеуметтік маңызды 19 тауар түріне шекті баға бекіткен. Бұған ұн, құмшекер, бөлке нан, гречка, күріш, айран, сүт, шемішке май, сары май, сүзбе (5,9 пайыз), қолдың сары майы, картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат, тұз, ет, тауық еті, жұмыртқа, рожки кіреді.
Қымбатшылықты сезінген кент тұрғыны Меруерт Науханова:
– Базар бағамы күнде құбылуда. Бағаны тұрақтандыруда жергілікті атқарушы орган мен депутаттар ықпал етсе игі, – деген шағымын жеткізді.
Иә, қашан да халық үшін азық-түліктің бағасы өзекті. Аудан тұрғындарының саны өсіп, азық-түлік түрлеріне сұраныс артып келеді. Оның үстіне, азық-түлік тауарлары сырттан келеді. Оған алыпсатарлардың амал-айласы қосылады. Бұл нарықтың бағасына да әсер ететіні сөзсіз. Қымбатшылық онсызда айлығын шайлығына жеткізе алмай жүрген тұрғындардың күнкөріс деңгейіне кері әсер етіп отыр.
Нәзира Қожамқұлова: – «Мен үш баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты анамын. Мардымсыз айлық пен азық-түліктің қымбатшылығын сезініп жүрміз. Бұдан шығатын жол өзімізде өнім өндіруді көбейту керек. Кешегі карантиндік жағдай осының маңызын көрсетіп берді. Әсіресе, елдер арасындағы шекаралар жабылып, блок-посттар қойылған уақытта мұның салмағы қатты сезілді», – деді.
Күнделікті тұтынатын сабын, сусабын, кір жуатын құрғақ ұнтақ, ыдыс жуатын гель секілді заттардың бағасы да көтерілген. Жаңа жылдың алдында алған жуғыш заттарға 150-500 теңге аралығында қосылыпты. Ал ағарған өнімдерді базардың жағалауынан табуға болады. Әсіресе, ауыл аймақтардан келетін сүт, айран, ірімшік пен құрт халықтың сұранысын қанағаттандырып тұр. Былтыр құрттың келісі 2000-2500 теңге болса, биыл 3 000 теңгені құрайды.
Жоғарыда аталған тауар түрлері тек ауданда ғана емес, республика бойынша қымбаттағанын естен шығармағанымыз жөн...

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
13 ақпан 2021 ж. 3 821 0