№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДЕМОГРАФИЯ: бір жылда қанша адамға көбейдік?

ДЕМОГРАФИЯ: бір жылда қанша адамға көбейдік?


Тышқан жылы жаһан жұртын үйіне тықты. Нақтысын айтсақ, коронавирус бір тарының қауызына сыйдырып жібергендей әсер қалдырды. Мұның салдары демографиялық көрсеткішке әсер берді. Әсіресе, батыс елдерінің халық санының күрт төмендеуі байқалды. Ал біздегі көрсеткіш, яғни, бала туу деңгейі қалай?


Дерек көздеріне қарағанда, пандемия елдің халық санының өсуіне айтарлықтай әсер етпеді. Естеріңізде болса, 2010 жылы Статистикалық агенттігінің болжамы бойынша, «халық саны өсуі мен көші-қонының қазіргі деңгейі сақталатын болса тұрғындар саны 2020 жылы 18,7 млн адамға жетеді» деген еді. Соңғы он жылда халықтың өсімі байқалып, статистикалық болжамнан жоғары нәтижеге қол жеткіздік. Қаңтар айының статистикалық мәліметіне сүйенсек, елімізде халық саны – 19 005 124 адамға жетті. Бір жыл ішінде шамамен 424 789 нәресте өмірге келіп, 167 610 адам көз жұмды. Күніне орта есеппен 1164 бала өмірге келсе, сағатына 48-49 нәрестенің кіндігі кесілді. Өлім-жітім орта есеппен күніне 459 адамды көрсетіп тұр.
Ал, тарихи деректерде қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек ханының тұсында 200 мың адам, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының саны 1 млн адамға жеткені жазылған. Жоңғарлармен шайқаста миллионнан астам адам қаза болса, осы шығынды қалыпқа келтіру үшін 75 жылдай уақыт өтті.
Сыр өңірінде 803545 адам өмір сүріп жатса, оның 10 пайызынан астамы жаңақорғандықтар. Өткен жылы 84 494 адам болса, бір жылда 431 адамға көбейіп, 84 925 адамға жеттік деген сөз. Облыс бойынша соңғы он жылда халық саны бойынша көш басын бермей келе жатқан Жаңақорған ауданында ерлер саны – 43396, әйелдер саны – 41529. Бұл туралы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудан әкімінің кеңесшісі Роза Исаева айтты.
– Ауданда демографиялық өсім байқалады. Соңғы үш жылда халық саны екі мыңға жуықтады. Мемлекет адами капиталды бірінші орынға қойып, халық санының артуына жағдай жасауда. Әлеуметтік көмектер мен балалар жәрдемақысын тағайындауының басты себебі – халықтың әлеуетін арттыру. Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттырып, қыз балалардың тәлім-тәрбиесіне бағытталған іс-шаралар атқарылуда, – деді әкім кеңесшісі.
Ауданда «Алтын» алқа иегерлері 105 болса, «Күміс» алқа – 358, 5 балалы ана – 1145, 4 балалы ана – 2097. Жалпы 3705 отбасыға мемлекет қамқорлық танытуда. Бұл – ауданның әлеуметтік жағдайының тұрақталуына септігін тигізуде. Әлеуметтанушылар қоғамдық мәселе ретінде сұрбойдақтардың көбейгенін алға тартып отыр. Бұл – халық санының артуына теріс әсер етеді, екінші жағынан, үлкен әлеуметтік мәселеге айналуы мүмкін. Бұл туралы аудандық АХАЖ бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Абдуллаева:
– Пандемия кезінде отбасын құруға ниет танытқан жастар қарасы артты. Бұған дейін күніне 2-3 отбасын заңдастырсақ, бүгінде күніне 6-8 жас отауды рәсімдеп жүрміз. Өткен жылы 488 отбасы неке куәлігін алса, 2155 нәрестенің туу туралы куәлігі табысталды. Оның 1920-сы аудандық перзентханада туылған. Ал, 235 нәресте түрлі себеппен өзге аймақтарда дүниеге келген. Дегенмен 30 жастан асқан сүрбойдақтар мен кәрі қыздар аз емес, – деді.
Аудандағы неке құрушылар санының орташа жасы – 35 жас. Елде әйелдердің туу жағдайы орташа есеппен 5 жылда бір бала. Міне, қырық жасқа дейін ары кетсе 4 балалы болуға ғана мүмкіндік бар. Демек, сүрбойдақтар ел алдындағы борышын білуі тиіс-ақ.

Мақпал МАРҚАБАЙ
23 қаңтар 2021 ж. 1 891 0