Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 1 шілдеде Қазақстандағы халық саны 18,5 млн адамға жетті, ал Жаңақорғанда қанша болды?

1 шілдеде Қазақстандағы халық саны 18,5 млн адамға жетті, ал Жаңақорғанда қанша болды?

 2019 жылдың 1 шілде айында Қазақстанда халық саны 18 млн 507,9 мың адам болды.

 
  Бұл өткен жылдың 1 маусымымен салыстырғанда 235,5 мың адамға көп немесе 1,3 пайызға өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, есептік кезеңде қала тұрғындарының саны 10 млн 816,6 мың адам немесе 58,2%, ал ауыл халқының саны 7 млн 726,3 мың адам немесе 41,8% болды.

Ал Жаңақорған аудандық статистика басқармасының мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша 84300 халық бар.

 Осы жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда Қазақстанға қоныс аударғандар саны 11,3% азайған, ал елден кеткендер саны 16,9% артты. Елдің негізгі миграциялық көші-қон ТМД елдеріне тиесілі. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 82% және аталған мемлекеттерге кеткендер саны 90,6% болды. Елдің аумағында қоныс аударғандар саны 22,7% артты.

 Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық миграциясының оң сальдосы елдің төрт өңіріне келді. Олардың қатарында Маңғыстау облысында (556 адам) және Шымкент (3 710), Алматы (13 650), Нұр-Сұлтан (14 104) қалалары бар.


15 тамыз 2019 ж. 1 329 0