№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » 2050 ЖЫЛ: ХАЛЫҚ САНЫ БОЙЫНША ҚАЙ ЕЛ КӨШ БАСТАЙДЫ?

2050 ЖЫЛ: ХАЛЫҚ САНЫ БОЙЫНША ҚАЙ ЕЛ КӨШ БАСТАЙДЫ?

БҰҰ-ның жаңа баяндамасына сәйкес, Үндістан халқының саны бойынша кемінде онжылдықта Қытайды басып озады. Қазіргі уақытта Қытай мен Үндістан шамамен әлемдегі 7,7 миллиард адамға жуық халықтың шамамен 37 пайызын құрайды. Яғни, Қытайда 1,4 миллиард, Үндістанда 1,3 миллиард адам бар.
Бірақ 2027 жылға қарай Үндістан халқы Қытайға қарағанда көп болады. БҰҰ-ның әлемдік демографиялық болжам туралы есебінде 2050 жылға қарай алшақтық одан әрі кеңейетін болады.
"2019-2050 жылдар аралығындағы кезеңде 55 елде халық саны кем дегенде 1 пайызға төмендейді", - делінген хабарламада.
Сарапшылар көбінесе бұл туудың төмен деңгейімен, ал кейбір жағдайда эмиграцияның артуымен байланыстырады. Болжамдарға сәйкес, Қытай халқының саны 31,4 миллионға немесе 2,2 пайызға төмендейді. Бұл Қытай халқы 1,1 миллиард адам болады деген сөз. Ал Үндістанда 1,5 миллиард адамға жетеді деп болжанды. 
БҰҰ есебіне сәйкес, 2050 жылға қарай планетаның халқы 9,7 миллиард адамға жетеді. Бұл бір ғасырдың таңғаларлық өсуі. БҰҰ құрылған соң бес жылдан 1950 жылы әлем халқының саны 2,6 млрд болған еді.
23 маусым 2019 ж. 1 057 0