№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудандық бюджет шығыстары

Аудандық бюджет шығыстары

Қазақстан республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының біріңғай бюджеттік сыныптамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілер ескеріле отырып жасалады.
Бюджет шығыстары бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсынған бюджеттік өтінімдері негізінде қалыптастырылады.  Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады.
Бюджет шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамалар шығыстары болып бөлінеді.Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестициялық жобаларға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.Жаңа бастамалар шығыстарына: кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға;  макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (атқарылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.  Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамалар шығыстарын жоспарлау қосымша бюджет қаражатын бөлу есебінен де, өткен жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебінен де жүзеге асырылады.
Жаңақорған ауданы негізінен субвенциялы аудан болып табылады. Аудан бюджетінің 8,7% аудандық бюджеттің өз кірістері, 91,3% пайызын  жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген трансферттер құрайды.   Аудандық бюджеттің шығыстары қазіргі  таңдағы жағдай бойынша        24222309,0 мың теңгеге жоспарланып отыр. Оның ішінде  14739917,6 мың теңгесі жалпы сипаттағы трансферттер есебінен,   6650488,1 мың теңгесі жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен, 618276,0 мың теңгесі жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері, 2095616,0 мың теңгесі аудандық бюджеттің өз кірістері есебінен, 118011,3 мың теңгесі жыл басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен қалыптасып отыр.
Аудандық бюджеттің шығыстары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі  «Қазақстан Республикасының Біріңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» жөніндегі №403 бұйрығына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі», №95-IV Кодексінің 56 бабына сәйкес аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың функцияларына,өкілеттіктеріне байланысты мына бағыттар бойынша жоспарланады;
   1. жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:
   2. қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:
   3. білім беру:
   4.әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:
   5.тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
   6.мәдениет және спорт:
   7.жер қатынастары:
   8. көлік және коммуникациялар:
   9.экономикалық қызметті реттеу:
   10.өзге де бағыттар: 
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамаларына сәйкес бюджет шығыстарын жоспарлаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына елдегі жағдай және Республиканың ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы ауызша және жазбаша жолдаулары шеңберіндегі тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері мен тапсырмалары ескеріле отырып әзірленеді.
Өздеріңізге белгілі қазіргі таңда мемлекеттің басты саясатының бірі имидждік шығыстарды,орынсыз қымбат сатып алуларды,іссапар,әкімшілік шығыстарды қысқарту және консалтинг қызметін алуға және оларды дамыту мақсаттарына қайта бөле отырып, зерттеу жұмыстарына тапсырыстарға шығыстарды төмендету болып табылатындықтан, Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 19 маусымдағы  №27 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау алды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 51-тармағын орындау шеңберіндегі бюджет шығыстарын оңтайландыру жөніндегі тапсырмаларға сәйкес, ағымдағы жылы аудандық бюджетті нақтылау барысында имиджі көтеруге бағытталған және тиімсіз шығыстар есебінен 17265,0 мың теңгеге оңтайландыру жүргізілді.
       
06 қараша 2020 ж. 2 986 4

Darrell от 14 ақпан 2021 02:08
You Won't Want To Miss This! 50 pcs medical surgical masks only $1.99 and N95 Mask $1.79 each. Only 10 orders left! Get yours here: pharmacyusa.online Best regards, Аудандық бюджет шығыстары » Жаңақорған тынысы

Cecelia от 20 наурыз 2021 14:34
Hello World's Best Neck Massager Get it Now 50% OFF + Free Shipping! Wellness Enthusiasts! There has never been a better time to take care of your neck pain! Our clinical-grade TENS technology will ensure you have neck relief in as little as 20 minutes. Get Yours: hineck.online Best Wishes, Cecelia Аудандық бюджет шығыстары » Жаңақорған тынысы

Rodolfo от 30 наурыз 2021 11:43
Hey Wholesale Medical Surgical Masks for both adult and kids - Buy Now as Low as $0.19/mask Shop now: pharmacyoutlets.online Thanks and Best Regards, Rodolfo Аудандық бюджет шығыстары » Жаңақорған тынысы

Anja от 2 маусым 2021 11:48
Hello Providing Premium sunglasses only $19.99 for the next 24 Hours ONLY. 60% OFF today with free worldwide shipping. Get Yours: trendshades.online Sincerely, Anja Аудандық бюджет шығыстары » Жаңақорған тынысы