Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Тоқаев заңға қол қойды: маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі

Тоқаев заңға қол қойды: маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі

Айлығы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өседі
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019-2021 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Ол бұл туралы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы" газеті хабарлайды.

"2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойдым", - деп жазады мемлекет басшысы.
Тоқаев құжатты әзірлеген үкіметке және маңызды өзгертулерді жылдам қарап, қабылдаған парламент депутаттарына алғысын жеткізді.
Президент биыл 1 маусымнан бастап бір миллионнан астам қазақстандықтың жалақысы өсетінін хабарлады.
"Енді 1 миллионнан астам айлығы төмен ауылдық, аудандық, облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өсетін болады", - деп жазды ол жеке парақшасында.
Еске сала кетсек, Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30%-ке, аудандық және облыстық деңгейлерде тікелей халықпен жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі сатыдағы қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 25%-ке өсіруді тапсырған болатын.
Кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап көтеру туралы тапсырма берген еді.





15 сәуір 2019 ж. 1 373 0