№27 (8841) 15

15 сәуір 2025 ж.

№26 (8840) 12

12 сәуір 2025 ж.

№25 (8839) 8

08 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Microsoft төлемдерді биткоинмен қабылдамайтын болды

Microsoft төлемдерді биткоинмен қабылдамайтын болды


2017 жылы желтоқсан айының басында Steam компаниясы да аталған криптовалютадан бас тартқан болатын. Олар мұны транзакция кезінде ұстайтын комиссияның көптігі және аталған криптовалютаның тұрақсыздығымен байланыстырды. Ол кезде транзакция комиссиялары бірнеше центтен ондаған долларға дейін көбейген еді. Нәтижесінде биткоин микротранзакцияларға жарамай қалды.

Microsoft және Steam сынды компаниялар үшін биткоин дәл қазір, расымен де, тұрақсыз. Себебі, биткоиндар арзандаған сайын аталған компаниялар үлкен шығынға ұшырайды.
Microsoft тұтынушыларына өнімдерді биткоинға сатып алуға рұқсат бермейді. Кейінгілері, алдымен, белгіленген соманы доллар есебінде шотқа салып, артынша биткоин эквиваленті бойынша төлем жүргізеді. Осы конвертация үшін де комиссия алынады. Нәтижесінде биткоин бағасы арзандағанда, компания шығынға ұшырайды. Кез келген қаржы бөлімі мұндай ситуациядан сақтануға тырысады.
Енді Microsoft клиенттеріне карта, PayPal немесе банк шотынан тікелей аударма жасау сынды жолдарды ұсынып жатыр.
ДЕРЕККӨЗІ: baq.kz сайтынан.
09 қаңтар 2018 ж. 1 193 0