№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Лоторея ұтысынан байып кету мүмкін бе? - ВВС

Лоторея ұтысынан байып кету мүмкін бе? - ВВС

   Жақында АҚШ-та біреу лотореядан 1,537 миллиард доллар ұтып алыпты. Осыған байланысты ВВС басылымы осы төңіректегі зерттеулерге шолу жасап, ұтыстар туралы мақала жариялады. «Бұл жағдайда лоторея ұтысына 303 миллионға-бір ғана мүмкіндік бар. Салыстырмалы түрде айтсақ, сіздің найзағай астына түсу мүмкіндігіңіз бұдан 400 есе көп. Тіпті, АҚШ-тың барлық ересек тұрғындары бір билеттен сатып алған күннің өзінде ұтыс мүмкіндігі  7% болар еді. Дегенмен, соңында ұтыс иесі анықталса, жеңімпазға не болар екен?», деп жазады автор.

    «Көпшілігіміз лотореядан ұтысқа ие болу - өмірімізді өзгертеді деп ойлаймыз. Дегенмен, олай болмай шықты. Экономистер Гвидо Имбенс пен Брюс Сакердот және статистик Дональд Рубидің анықтауынша, лотореядан ақша ұтып алған адам қаржысын оңды солды шашады екен. Олар он жылдан соң лотореямен ұтыс алған адамның әр доллардан тек 16 центті ғана сақтап қалатынын анықтады», деп жазылған мақалада. Автордың пайымынша, мұра немесе қаржылай сыйлық алған 20-30 жас аралығындағылар нашар инвестиция мен шығындардан қаржысының тең жартысынан айырылады екен. Ал лотореялық ұтыс қаржылық проблемаларды шешуге көмектеспей, керісінше ақыр аяғында жеңімпаз банкротқа ұшырайды. Статистика көрсеткендей, лотореядан ұтқан адамдардың үштен бірі банкрот болған. «Жүздеген миллион долларды қалай жылдам бітіріп тастауға болады? Ұтыс ойынын жиі ойнайтындар туралы демографиялық зерттеу нәтижелеріне сенсек, лотореядан алған ұтысқа көбіне 30-39 жас аралығындағы адамдар ие болады екен. Ұтыс алғандар ақшасына үй немесе картина, жақсы көлік сатып алып, инвестициялағанның орнына қаржысын уақыт өткізуге жұмсайды», деп жазады автор.
03 қараша 2018 ж. 1 188 0