Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 50

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БАЙ АДАМ КІМ?

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БАЙ АДАМ КІМ?


Amazon электронды сауда компаниясын құрушы әрі басшысы Джефф Безос Forbes журналындағы ең бай 400 америкалықтың тізімінде бірінші орынға шықты. Бұған дейін рейтингте 1994 жылдан бері Microsoft компаниясын құрған Билл Гейтс бірінші орыннан түспей келген еді.

Безос бұдан өзге 2018 жылы әлемдегі дәулеті ең бай адам деп танылды. Оның дәулеті 160 миллиард доллар деп бағаланады. Бұған дейін Forbes рейтингіне ілінген бір-ақ адамның байлығы 100 миллиард доллардан асқан.

Бұдан бұрын Bloomberg агенттігі де Безосты әлемдегі ең бай адам деп атаған. Агенттік бизнесменнің байлығын 150 миллиард долларға бағалаған.

Amazon компаниясының өзі капиталы бір триллионнан асатын Apple-ден кейінгі екінші ірі компания атанды.

Forbes жаңа рейтингісінде табысы ең көп ұлғайған миллиардер деп Twitter басшысы Джек Дорсиді атайды. Оның дәулеті бір жылда 186 пайызға ұлғайып, алты миллиард доллардан асқан. Табысы қатты азайған миллиардер Джордж Соростың дәулеті 23-тен сегіз миллиард долларға кеміген.
04 қазан 2018 ж. 1 187 0