10 планета табылды
АҚШ-та Калифорния технологиялық институтының ғалымдары Майкл Браун мен Константин Батыгин Күн жүйесінде жерден салмағы 10 есе артық алып планетаның бар екендігіне дәлелдер ұсынды, – дейді айқын газеті.
Зерттеушілердің Astronomical Journal басылымына жазған мақаласында, планета Нептунға қарағанда жерден 20 есе алыста екендігі айтылып, ол ғарыштың қашық тұсындағы шағын денелерді зерттеу кезінде ғана анықталғандығы көрсетілген.
Майкл Браун «жұмбақ планетаның» бар екендігіне телескоппен көрмей ешкімнің сенбейтінін айтады, алайда аспан денесін қазіргі оптика көрсете алмайтын болып шықты.
Бұған дейін Күн жүйесінің ең қашық планетасы Плутон саналып келді, 2006 жылы Халықаралық астрономиялық одақ оны «кішкене планета» деп атады.
Пікір 3