Ең алғаш пультті ойлап тапқан адам
Пультті Роберт Адлер мен Юджин Макдональдқа ойлап тапқан. Юджин Макдональд 1923 жылы Zenith Radio Corporation компаниясының негізін қалап, сол жерде 45 жыл бойы адал еңбек еткен. Оның басқарып отырған компаниясы алғаш рет АМ- және FM жиілік диапазондарында жұмыс істеген радио таратқыштарын эфирге шығарған. Ол 30-жылдарында алғашқы телевизиялық қабылдағышты ойлап тапқан. Ал, 1948 жылы Макдональдтың басқаруымен әлемдегі ең алғашқы ақ-қара түсті теледидар пайда болған.
1950 жылы Zenith компаниясының белді инженерлері "Жалқау" атты алғашқы алыстан басқару пультін ойлап тапқан еді. Бұл техникалық дағдарыстың үлкен қадамы болатын. Бірақ "Жалқау" теледидарға сымның көмегімен жалғанды. Бұл жайт өнертапқыштар мен көптеген адамдардың наразылығын тудыратын. 1955 жылы осы оқылықтың орнын Zenith инженері Юджин Полнидің құралы толтырды. 1941 жылы бастаған инженер жаңа құралдың негізі ретінде радиотолқындарды қолдануды ұсынды. Толқындар қалың қабырғалардан өтіп, көршілес тұрған теледидарды да басқара алатын. 1980 жылдары техно өнеркәсібі толығымен инфрақызыл сәулелі пульттерді құрастыруға көшіп, жаңа заманауи үлгілердің құрылысы бір сәтке де тоқтамады. 1997 жылы Адлердің ойлап тапқан құрылғысы Американдық академияның Emmy жүлдесіне ие болған.
Дереккөз: Massaget.kz сайты