Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҒАЛЫМДАР МИ МЕН КОМПЬЮТЕРДІ БІРІКТІРУДІҢ ЖОЛЫН ТАПТЫ

ҒАЛЫМДАР МИ МЕН КОМПЬЮТЕРДІ БІРІКТІРУДІҢ ЖОЛЫН ТАПТЫ

 
Америкалық зерттеушілер паркинсон ауруы сияқты ауыр дертке қарсы тұруға мүмкіндік беретін серпіліс жасады.  Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары ми мен компьютерді қосуға мүмкіндік беретін әдісті ойлап тапты, деп хабарлады russian.rt.com порталы.
Адам миы мен компьютерді жалғайтын инновациялық құрылғы парализденген адам миының жай-күйі туралы ақпаратты алуға мүмкіндік беріп, оның ауру клеткаларын емдейді екен. Сондай-ақ, осы құрылғы арқылы науқастың іс-қимылын бақылауға болады. Бұл технология неврологиядағы нақты серпіліс болып отыр. Себебі,  құрылғыда қолданылатын талшықтар органикалық материалдан жасалады. Олар кез келген адамға ыңғайлы.
«Әр адамның миы – өте маңызды орган. Ол өте күрделі. Біз мидан сигналдарды ұстайтын құралды жасадық. Оның көмегінің арқасында мидағы құпиялық парағын ашып, адамның миы қалай жұмыс істейтінін табуға тырысамыз. Миға имплантацияланған электродтар ақпарат жазу үшін қолданылады. Парализденген науқас роботтандырылған қаруды пайдалана алады. Бұл құрылғы паркинсон ауруы бар науқастадың қозғалысын жақсы басқаруға көмектеседі», – дейді институт профессоры Полина Аникеева.Дегенмен, зерттеушілердің айтуынша, жаңа өнертабыс ми зерттеулеріндегі үлкен жаңалық болғанымен, бұл технологияның оңтайлы деңгейде жұмыс істей бастағанына көз жеткізу үшін ондаған жылдар қажет екен.
19 наурыз 2018 ж. 1 587 0