Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 81

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Әуе таксиі – болашақтың көлігі

Әуе таксиі – болашақтың көлігі


Деректерге сүйенсек, Германиялық Volocopter компаниясы Дубай қаласында өзін өзі басқаратын әуе таксиінің алғашқы ашық сынағын өткізді. Аталған жаңа көлік түрі алдағы 10 жыл ішінде қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсететін болады. Әуе таксиі 5 минуттық сынақ барысында өздігінен 200 метр биіктікке көтеріліп, Дубайдың бірнеше жағажайын айналып өтіп, тәжірибе сәтті өткен. Сынақ барысында кабина ішінде адам болмаған. Дрон «Autonomous Air Taxi» деп аталады. Ол «Автономды ауа таксиі» деген мағына береді.
Электронды қозғалтқыш арқылы жұмыс істейтін көлік өзгелерге қарағанда әлдеқайда шағын әрі аз дыбыс шығарады. Кабинаға екі адам сияды және олардың қауіпсіздігі үшін арнайы парашюттер мен 9 қосымша батарея бар. Дрон ауада 18 пропеллер күшімен ұшады, оның круиздік жылдамдығы – 50 км/сағат, ал максималды жылдамдығы – 100 км/сағат. Дубай әкімдігі ауа таксиін жақын арада қала жүйесіне қоспақ. Жоспар бойынша 2030 жылға қарай аталмыш такси Дубай қаласы қоғамдық көліктерінің төрттен бірін құрайды. Мұндай таксиді смарфондарға арналған қосымшалар арқылы шақыруға болады. Міне, осылайша қиял-ғажайып фильмдерде көрсетілетін көліктер шындыққа айналмақ.
03 сәуір 2018 ж. 3 082 1

Гость Jeahulalf от 12 наурыз 2019 00:34
Je Acheter Dapoxetine? online pharmacy Cephalexin Dosage Doge Can Nolvadex Be Shipped Into The Us Come Comprare Il Viagra In Farmacia