№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Чукчалар туралы қызықты деректер

Чукчалар туралы қызықты деректер

Досыңыз суға батып жатқан жағдайда не істеу керек? Өздігіңізден көмектесесіз бе, көмекке шақырасыз ба, әлде өзі шығады деген үмітпен күтесіз бе? Чукчалар бұл сұраққа «ештеңе істеудің керегі жоқ» деп жауап берер еді. Себебі олардың наным-сенімі бойынша, теңізде о дүниеге аттануға жауап беретін рухтар бар. Мұндай жағдайда қандай да бір әрекет жасау, киелі күштерге кедергі келтірумен бірдей деп саналады. "Жаңақорған тынысы"чукчалар туралы қызықты деректерді жариялайды. 

Чукчалардың ата-бабалары Чукотка аумағын (Ресей Федерациясы) біздің заманымыздан бұрынғы IV–III мыңжылдықтарда мекендей бастаған. Бүгінгі таңда бұл халықтың саны 16 мыңнан асады. Кейбірі Солтүстік мұзды мұхиттың жағалау маңындағы аумақтарынан кетіп, Ресей, Солтүстік Америка және Еуропа елдерінің аумағына қоныстанған. 
«Чукча» сөзі «бұғыларға бай» деп аударылады. Алайда бұл шындыққа толықтай сай келмейді: аталған халық өкілдерінің арасында бұғы асыраумен айналысқандармен қатар, үлкен сүткеқоректілерді аулаумен айналысқандар да аз емес. Олардың барлығы өздерін «луораветлан», яғни «нағыз адамдар» деп атаған. 
Енді Чукчалардың өмірін өзге қырынан танытатын 15 қызықты дерекке тоқталайық.
  • Рухтардың бұйрығы бойынша жынысын ауыстырған
Чукчалар туралы қызықты деректер
Чукчалардың сенімі бойынша, барлық зат пен құбылыста рухтар өмір сүреді. Адам жетілгеннен кейін, өз бойында шаман күшін сезініп, тіпті, рухтардың бұйрығымен жынысын ауыстыра алған. Бұл ретте ерлердің жынысын әйелге ауыстырған жағдайлар көбірек. Әйелге айналған ер адам әйелдердің киімін киіп, әшекейлер таққан. Сонымен қатар оның мінез-құлқы да өзгереді. Зерттеуші В.Г. Богораз мұндай ерлерге бейәдеп сұрақ қойған жағдайда, олардың қызарып, бетін қолымен жабатынын жазған. Осыған қарамастан мұндай адам үлкен билікке ие болған. Тіпті, шамандардың өзі олардан үрейленіп, құрметпен қараған. ХХ ғасырдың басында бұл ғұрып толықтай жойылды. 
  • Көшпелі ярангаларда өмір сүрген
Чукчалар туралы қызықты деректер
Чукчалар яранга аталатын аласалау күркеде өмір сүрген. Ол былғарыдан жасалады және ауа өткізуге арналып жасалған, жүнмен жабылатын тесігі бар. Мұндай үйлерде топтасып, бірнеше отбасы болып өмір сүрген. Тіпті, пердемен бөлінген демалуға арналған бөлменің жылы болғаны сонша, адамдар жалаңаш немесе ішкиіммен жүрген. Үйді жарықтандыру үшін кит немесе морж майы құйылған шамдар пайдаланылады.
Бұғы асырайтын чукчалар ярангаларын бір жерден екінші жерге көшіріп алып жүрген. Ал теңіз маңында өмір сүрген чукчалар отырықшы өмір сүрген. 
  • Балаларды бейәдеп сөзбен атағанымен, балағаттауды білмейді
Юрий Рытхэу «Жол лексиконы» кітабында чукчалардың балаларды табиғат құбылыстары, аң-құс атаулары сияқты түрлі мағына беретін сөздермен атағанын жазады. Сонымен қатар баладан күтілетін үміт немесе оның өмірге келу оқиғасына қатысты есім берген. Олардың тек есімі болғандықтан, төлқұжат ала бастағанда оны тегі ретінде жазып, есімі мен әкесінің атын өз қалауынша таңдаған. 
Чукчалар кейде ұл баланы ерлердің жыныс мүшесін аңғартатын сөзбен атаған. Алайда бұл оны кемсіту саналмайды. Себебі чукчаларда жалаңаш дене немесе оның мүшелеріне қатысты тыйым жоқ. 
Рытхэу қыздарға әйелдің жыныс мүшесін білдіретін сөзбен есім бергені туралы жағдайға куә болмағанын жазады. 
Ал балағат сөздерге келсек, чукчалардың тілдік қолданысында мұндай сөздер мүлдем жоқ. Олар айтуы мүмкін ең ауыр сөз – «Сен мүлдем ештеңеге ұқсамайсың! («Чекальван вальэгыт!»).
  • Чукчалардың әйелдері айтарлықтай еркін өмір сүрген
Чукчалар туралы қызықты деректер
Чукчаларда ажырасу қиын жағдай емес және әйелдерінің шамамен үштен бірі өмірінде кемінде бір рет ажырасқан. Бұл халықта туыстық қарым-қатынас дәріптелгенімен, жақындарының әйелін немесе күйеуін отбасын тастап кететін күйге жеткізген жағдайлар болған. Әсіресе, бұғы асыраушы сукчалардың әйелдеріне қиын тиеді. Себебі олардың мойнына жалғыз өзі яранганы құру, кір жуудан бастап, бұғыларға қарауға дейін көптеген міндет жүктелген. Сонымен қатар олардың кейбірі қайын атасы немесе күйеуінің өзге де туыстарының мінеп-сынап, тиісуіне де шыдаған. Сондықтан біразы өз бетінше өмір сүруді ұйғарады немесе өзге отбасыға кетеді екен. 
ХХ ғасырдың басына дейін топтық неке түсінігі болған. Алайда уақыт өте келе мұндай неке жоғалды.
  • Әйелдер босану кезінде айқайлап, көмек сұрамаған
Чукчалардың салт-дәстүрі бойынша, босанып жатқан әйелдерге қиналғанын білдіруге болмайды. Тіпті, оларға өзге әйелдер көмекке келмеген. Жас босанған әйел баланың кіндігін өзі кесіп, орнын тазалап, жаңа туған нәрестенің жағдайын жасаған. 
Егер босанып жатқан әйел көмек сұраса, оны өзгелері өмір бойы күлкіге айналдырып өтеді. Тіпті, күйеуін «кіндік шеше» деп келемеждеген. 
  • Чукчалар – балаларға арналған жөректі алғашқы боп тапқандардың бірі
Чукча әйелдері баланы тым қалың етіп орағаны сонша, балалары шарға ұқсап қалатын болған. Ал омыраудағы нәрестелерге мүк пен бұғы жүнінен жасалған «жөргек» кигізген. Ол баланың дәретін жақсы сіңіреді екен. Чукчалар өсіп қалған ұл балаға төсекке жіберіп қою әдетін тезірек қойдыруға тырысқан. Егер таңертең бала ұйықтаған бұғының терісі дымқыл болса, сол теріні қолына ұстатып, яранганы айналып жүгіруге мәжбүрлеген. 
  • Отбасылық тәртіпті қатаң ұстанған
Чукчаларда отағасы шексіз билікке ие болған және кез келген туысының өмірі үшін шешім қабылдай алған. Ал өзгелері оған қарсы келуге де тырыспаған. Ер адам 2-3 әйелге үйлене алған. Сонымен қатар түскі ас кезінде еттің ең дәмді бөліктері ер адамға берілген. Ал әйелдері мен балалары одан қалғанын жейді екен. 
Ұзақ уақыт бойы ярангада өмір сүрген В. Кузнецова өз күнделігінде отбасы мүшелеріне берілетін тамақтың мөлшері оның атқарған жұмысына байланысты екені жазылған. Әйелдер ауыр жұмыстарды атқара алмағандықтан, бөліс кезінде оларға ең кішкентай, майсыз ет немесе тек шай берілген. 
  • Тұз жей алмайды, есесіне бұғының асқазанынан алынған мүктен жасалған көже ішеді
Чукотканың байырғы тұрғындарының асын кез келген адам жей алмайды. Олар мұздатылған ет, итабалық майы, қымыздық, тамырлардан жасалған ботқа, жануарлардың ішкі ағзаларын жеп, қанын ішкен. Ал олардың ең танымал тағамдарының қатарында ферменттелген ет және бұғының асқазанынан алынған жартылай қорытылған мүктен жасалған ыстық көже бар. 
Есесіне чукчаларға тұз тым ащы көрінеді. Ал жұмсақ нанды қышқыл деп санаған. 
Қазіргі уақытта аталған солтүстік халқының дені консервілерді де, ұн өнімдерін де жейді. Алайда олар үшін бұғы еті анағұрлым дұрыс әрі жарамды ас саналады. 
  • Адам төзгісіз суық пен аштыққа ерекше төзімділік танытқан 
Кішкентай балалар күні бойы таза ауада жүріп, қатты жел мен аязға қарамастан, разы емес екенін білдірмеген. Ал әйелдер 30 градус аязда далада тігін тігумен айналысып, бірнеше сағат бойы қолы ашық болған. Олардың еңбектеніп жүріп ыстықтағаны сонша, сыртқы киімін шешіп тастап, иығын ашық қалдырып, салқындау үшін, қойнына қар салып жіберген. 
Сонымен қатар чукчалар ерекше төзімділік танытқан: бақташылар 2-3 тәулік бойы ұйықтамай жүре алған. Ал ерлер аңшылыққа аттанғанда, өзімен бірге азғантай тамақ қана алған. Аңшылар сәтсіздікке ұшыраған жағдайда, бірнеше тәулік ашқұрсақ жүрген. Алайда соған қарамастан аң аулау кезінде шапшаңдығын жоғалтпаған.
Десе де кей кездері чукчалардың «темір ағзалары» сыр берген. Мысалы, жас келіншек күні бойы тігін тігіп, түнде малды күзеткен. Ал таңертең ас әзірлеп, шай дайындауы тиіс. Сондықтан ол екінші күннің соңында ғана ұйықтауға жатқан. Алайда шаршағаны сонша, шайды ыдысқа дөп құя алмай, тіпті, жүріп келе жатып қалғып кетіп, құлап қалатын жағдайлар болған. 
  • Чукчалардың терінен иіс шықпайды
Этнограф В.Кузнецова ХХ ғасырдың 50-жылдары кейбір чукчалардың лас өмір сүргенін және олардың үстіндегі биттің көп болғаны сонша, биттеуді қалыпты жағдай санағанын жазған. Бүгінгі таңда чукчалар гигиеналық талаптарды сақтайды. Алайда еуропалық халықтарға қарағанда, оларға дезодорант пайдаланудың қажеті жоқ. Себебі олардың терінің қатты иісі жоқ. Тіпті, чукчалардың құлағындағы құлық та біздікінен өзгеше: ол ұнтақ сияқты құрғақ болады. 
  • Иіс сезу қабілеті өте жақсы дамыған
Ертеректе чукчаларда бір-бірін иіскеу сүйісуді алмастырған. Отағасы үйінен кетіп бара жатып, әйелін сүйгенімен, әдетте баласының мойнынан құшырлана иіскеген. 
Сонымен қатар этнограф В.Г. Богораз чукчалар мен коряктар арасындағы соғыс жылдары чукчалар сүйектің иісі арқылы оның өз адамдарына немесе жауларына тиесілі екенін анықтай алғанын жазған. 
  • Жейтін тағамдары өзгергеннен кейін ішімдікке әуестенген
Бұл халық өкілдері аздаған ішімдіктен-ақ мас болып қалады. Ал ішімдікке деген әуестігі дәстүрлі тағам үлесі өзгергеннен кейін басталған. Бұған дейін көп мөлшерде ет, май жеген чукчалар кейінен көмірсулы тағамдармен ауқаттана бастаған. Салдарынан ақуызды-липидті ас организмде күйзеліс гормондарының жиналуына ықпал ете алмаған. Ал заманауи өмір салты, әлеуметтік мәселелер мен емдәмнің өзгеруі чукчаларды «көңіл көтерудің» өзге әдісін іздеуге мәжбүрледі. 
  • Чукчалар тек 4 түсті ажырата алады
Чукчалардың қоршаған ортасындағы түрлі түстік жетіспеушілігі бұл халықтың ХХ ғасырдың басына дейін тек бірнеше түсті ажыратуына алып келді. Олар ақ, қара, қызыл және сұр түстерді ғана білген. Сонымен қатар олар бұғы терісінен сарылау түсті байқаған. Ал мұнан басқа түстерді ажыртуды білмепті. «Шөп түстес» деген тіркес олар үшін жасыл, сары, тіпті, көк түсті аңғартқан. Ал қара-көк түсті қара деп қабылдаған.
Бүгінде чукчалар орыс тілін еркін меңгерген және олардың түстерді қабылдауын үйренген. 
  • Чукчаларда орыстар туралы әзілдер бар
Чукчаларда неліктен орыстар туралы әзілдердің көп екені туралы түрлі болжамдар бар. Бәлкім, оған «чукча» сөзінің қызық айтылуы (шын мәнісінде ол «чаучу» деп айтылады – ред.) немесе солтүстік тұрғындары туралы білімнің жетіспеушілігінен, кез келген өтірік әңгімеге сеніп қалатыны себеп болар. Чукчалар өздері үшін таңсық болған құбылыстар, заттар, азық-түлікпен танысқанда, олар орыстардың көзқарасына біртүрлі қараған. 
Бір қызығы, чукчаларда орыстар туралы әзілдер бар. 
  • Қазіргі уақытта чукчалар жоғары немесе орта білімге ие, алайда жақсы табыс тапса да, байымайды
Чукчалар туралы қызықты деректер
Бүгінгі таңда теңіз жануарын аулау немесе бұғы асыраумен айналысатын чукчалар аз. Чукоткада 2011-2015 жылдары жалпы саны 800 бұғы асыраушы болған. Жастардың көбі Ресейдің өзге өңірлеріне қоныс аударған немесе вахтер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкері сияқты қарапайым жұмыс істейді. Чукчалардың барлығы дерлік жылуы бар кәдімгі үйлерде тұрады. Десе де олардың үйінің көбі апатты жағдайда. Алайда Чукотка қалалары мен ауылдарына құрылыс материалдарын жеткізу тым қиын. 
Кеңес одағы жылдары барлығына білім алу міндетті болғаннан кейін, чукчалар балаларын мектеп-интернаттарға бере бастады. Себебі Чукотка ауылдарында мектеп болмаған. Соның арқасында чукчалар сауат ашып, қазіргі уақытта бырлығының дерлік жоғары немесе орта білімі бар. Сонымен қатар балалар отбасын тек оқу демалысы кезінде көргендіктен, дәстүрлі мәдениеттен ажырап қалған. 
Аталған халық өкілдерінің дені кедей және бұғыны өз бағасынан төмен сатуға мәжбүр. Алайда жақсы тұратындары да жоқ емес. Әдетте олар – теңіз сүтқоректілерін аулаушылар. Олардың кейбірінің табысы жылына 2-3 миллион рубльге (12-18 млн теңге шамасында) дейін жетеді. Алайда олар байымайды. Себебі чукчалар тапқан табысын туыстарымен бөлісуге үйренген. 
01 ақпан 2020 ж. 1 175 0