№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауыз судың суицидке қандай қатысы бар? - VOX

Ауыз судың суицидке қандай қатысы бар? - VOX

    Vox.com сайтында біз күнделікті тұтынатын ауыз су суицидтің алдын алуға көмектесе алатыны туралы мақала жарияланды. Зерттеушілердің айтуынша, ауыз судың құрамындағы литий адам өмірін құтқара алады. «Литий өте қуатты психиатриялық препарат саналады. Әсіресе ол биполярлы ауытқу кезінде пайдалы саналады. Сонымен қатар литий жер қабатында бар табиғи элемент саналады. Әсіресе ол су қоймаларында көптеп кездеседі. Яғни, біз күнделікті тұтынатын ауыз суда да белгілі бір мөлшерде литий болады», деп жазады басылым.
ЭлекÑÑ ÑÐ°Ð¼Ð°Ò Ð¿Ð»Ð°Ð½ÐµÑÐ°Ð½Ñ ÒÒ±ÑÒаÑа ала ма - ÓлемдÑк баÑпаÑөзге ÑолÑ
   Ғалымдар бұл деректі тексеріп, литийдің көп болуы адамға қалай әсер етуі мүмкін екенін анықтап көріпті. Бұл ретте мамандар «Литийдің көп болуы депрессия мен өз өзін өлтіру жағдайларына әсер ете ала ма?» деген сұраққа жауап іздеген. Бір қызығы, осы төңіректе жүргізілген бес зерттеудің төртеуінде мамандар әлгі сұраққа қатысты оң жауап алған. Сондай-ақ литий деңгейі көп өңірлерде суицид көрсеткіші төмен болғаны байқалған. Психиатрия профессоры Нассир Гаэми де литий мөлшері көп аудандарда басқаларына қарағанда суицид көрсеткіші 50-60% аз болатынын анықтаған. «АҚШ-тың солтүстік-шығысында литий көрсеткіші жоғары. Ал статистикаға сенсек, дәл осы өңірде суицид аз болады екен. Литий көрсеткіші төмен батыс өңірлерде керісінше адамдар арасында өз өзіне қол жұмсау жағдайы жиірек болып тұрады», деп жазады басылым. Дегенмен, зерттеу нәтижелері жарияланған соң бұл пікірге қарсы шыққан мамандар да табылыпты. Ал кейбірі үкімет литийге қатысты зерттеулерге араласуы керектігін.

03 қараша 2018 ж. 969 0