Өзара әйелдерімен алмаса беретін халық туралы не білеміз?
Технологиялар дамып кеткен қалалардан шалғай аудандарда тұратын халықтардың баяғыдан бері келе жатқан өз салт-дәстүрлері бар. Олардың бірқатары бүгінгі күннің адамдары үшін мүлде жат дүние. Мәселен, Қиыр Солтүстікті мекен еткен чукчалар өздерінің қызықты отбасылық қарым-қатынастарымен танымал деп жазады bigpicture сайтынасілтеме жасаған NUR.KZ.
Чукчалар - Қиыр Солтүстікте тұрақтаған ерекше салт-дәстүрлері бар халық. Олар ерекше неке шарттары бойынша өмір сүреді. Бұл салттың арқасында отағасынан айырылған отбасы арнайы көмекке ие бола алады. Яғни, марқұмның ағасы немесе інісі жесір қалған әйелге үйленуге мәжбүр болады.
Оған қоса, чукчаларда топтық неке шарты да қарастырылған. Яғни, отбасылы ер адамдар жанұяларды біріктіру арқылы үйлескен еңбек және қаржылай көмекке ие болады. Соған орай, мұндай келісімге кедей азаматтар ауқатты жанұялармен отыруға барынша тырысады.
Еңқызығы, топтық некедегілер бір-бірініңәйелімен еркін түрде төсектес бола береді.
"Топтық некеге отырған ер адамдар бір-бірініңәйелімен рұқсатсыз-ақ жыныстыққатынасқа түсе береді. Кейде топтық неке шартына қарамастан, азамат өз жарын басқа досымен төсектес болуына да рұқсатын беріп жататын оқиғалар жиі кездеседі. Чукчалар үшін бұл мәселеде тұрған ештене жоқ" , - деп айтты зерттеуші этнограф Владимир Богораз.
Топтық некеде туылған балалардың барлығы бір-біріне туған ағайын болып есептелінеді. Өйткені, бүлдіршіндер бір отбасыдан шыққан болып саналады. Сол себепті, топтық неке бедеулікке шалдыққан ерлер үшін таптырмас мүмкіндік.
ДЕРЕККӨЗ: nur.kz сайтынан.