Әбдісаматтың Таиландқа саяхаты
Жақында Bloomberg ақпарат агенттігі экономикалық көрсеткіштер бойынша жаңа рейтинг шығарды. Сараптамалық және статистикалық зерттеуге сүйене отырып, жаһанның ең «бақытты» экономикасы бар елді атады. Егер адамдар еш қиындықсыз жұмысқа орналаса алса, бағалар мен қызметтерге қатысты жалақының өсуі байқалса, онда бұл мемлекеттің «бақытты» экономикасы бар деген сөз. Әлемнің 62 еліне талдау жасай отырып, сарапшылар соңғы екі жыл қатарынан көрсеткіштің көш басшысы стимулы Таиландқа тиесілі деген қорытындыға келді.

Сондай-ақ Таиланд аграрлық мемлекет болып саналады. Күріштің, қанттың, тауықтың, ет пен маниоктың ірі халықаралық экспорттаушысы. Оған қоса, әлемдік нарыққа балық өнімдерін, жемістер мен көкөністерді жеткізеді. Баға мен сапасы таң қаларлық. Барлық ауыл шаруашылық өнімдері қолжетімді бағада. Мұның қатарына теңіз өнімдерінде қосыңыз. Деседе, 2011 жылғы бұл елдегі су тасқыны ауыл шаруашылығы саласына қатты кері әсерін тигізді. Бірнеше миллион күріш шаруашылықтары залал шекті. Алайда араға аз уақыт салып, шаруашылықтар қайта аяққа тұрып алды. Таиландтықтар өте еңбекқор халық. Сондықтанда экономикалық көрсеткіштер бойынша үнемі көш басында жүреді.
Жоғарыда атағандай, Таиланд жаһан бойынша «бақытты» экономика рейтингінде алдыңғы қатарда келеді. 2018 жылы американдық USNews зерттеуіне сәйкес инвестиция үшін тартымды 20 әлемдік елдің ішінде Таиланд 8 – орынға тұрақтаған. Айта кетейік, USNews рейтингі елдегі экономикалық тәуекелдерді, инновацияларды, еңбек нарығын, технологиялық сараптаманы, халықты және сыбайлас жемқорлықты талдауға негізделеді. Осылайша қатарынан екі жыл USNews Таиландты «бизнесті бастау үшін үздік елдер» санатында бірінші орынға лайықты деп тапты.
Ендігі кезекте, Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда экономикалық қарым-қатынасқа тоқталсақ. Біріншіден, Тәуелсіз елімізбен Таиланд Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылы бастау алған. 2019 жылдың қаңтар-сәуір кезеңінде екі ел арасындағы тауар айналымы 44,47 млн долларды құраған. Оның ішінде импорт-44,38 млн доллар, экспорт-96,7 мың доллар. Жалпы 2018 жылы сауда көлемі – 104,3 млн долларға жеткен. Сауда балансының жетіспеушілігінің негізгі себебі – жеткізілімнің тұрақсыздығы, қазақстандық тауарлардың шектеулі түрі және оларда қосылған құн салығының жоғары мөлшерде болуы. Ресми дерекке сүйенсек, ҚР Ұлттық Банкінің мәліметінде Таиландтың Қазақстанға салған инвестициясының көлемі 2,2 млн доллар, ал Қазақстан Таиланд экономикасына 8,4 млн доллар инвестиция салған. Экспортқа негізінен металл кендері, музыкалық аспаптар, химиялық және минералды өнімдер жатады. Ал импортты – автомобильдер, авто бөлшектер, телефондар мен заманауи техникалар құрайды.
Айта кететіні, 2018 жылдың 27 маусымында Бангкокта РТТ PublicCompanyLimited және Қазақстанның «КазСтройСервис» арасында ұзындығы 200 шақырым магистральды газ құбырын салуға келісімшартқа қол қойылған. Бұл қазақстандық компанияның Таиландта жүзеге асыратын алғашқы ең ірі инфрақұрылымдық жобасы.
Әбдісамат ӘБДІШ