№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Норвегиядан нені үйренуге болады?

Норвегиядан нені үйренуге болады?


Жуырда ағылшынның «The Economist» журналы Норвегия елі жайлы сараптамалық мақаласында: «Соңғы 20 жылда Норвегия корольдігі сыртқа мұнай сатудан түсен табысын арнайы құрылған Ұлттық қорға жинап, оны 882 млрд. долларға жеткізді. Бұл елдің ЖІӨ-нен екі есеге артық қаражат» деп жазды. Осылайша норвег үкіметі мұнайдан тапқан ақшаны тек сақтап қана қоймай, еселеп қайтатын әлемнің 9 мыңға жуық компаниясы мен облигациялық қорларына салған. Айрықша айта кететіні, аталмыш Ұлттық қордың қаржысын онлайн жүйе де әрбір норвегиялық көре алатыны.

Біз бүгін жаһандағы дамыған отыз елдің ішінде 11-орында тұрған Норвегияның экономикалық әлеуетін тарқатамыз. Еуропа Одағы құрамына кірмейтін Норвегияда жалақы мөлшері аталмыш Одақтың орташа көрсеткішінен 50 процентке жоғары. Мұнай экспорттау жағынан әлем бойынша 5-орында тұрған бұл ел шикізаттан жыл сайын 40 миллиард долларға пайда көреді. Шикізат өндірісі тікелей мұнай мен газге байланысты. Сондықтан осы салаға тереңірек үңілсек. Норвегияның Ставангер қаласын мұнай астанасы деп те атайды. Тарихына көз жүгіртсек, Ставангер 1969 жылға дейін балық аулаумен күнелткен қала еді. Алайда сол жылы осы қаладан мұнай кені табылған да қаланың жағдайы аса мәз емес еді. Десе де, 1969 жылы 90 мың тұрғыны бар Ставангер шаһарында бүгінде 205 мың халық тұрады. Бұл айлақта алып кемелер ашық теңіз платформасынан мұнай тасымалдайды. Осылайша мұнайдан түскен табыс Норвегияның шала-жансар экономикасын Еуропадағы ең ірі мұнай өндіруші елге айналды. Жоғары салықтың нәтижесінде табыс артып, оның басым бөлігі білім, инфрақұрылым жаңа технологияның дамуына жұмсалды. 1990 жылдан бастап ел үкіметі мұнайдан түскен табысты жинайтын ұлттық әл-ауқат қорын құрды. Бүгінде өмір сүру деңгейі әлемдегі өте жоғары елдің біріне айналып, Ұлттық қорына 1 триллион доллар жинаған озық мемлекет атанды. Оған қоса, әлемдік рейтинг агенттіктердің есебі бойынша Норвегия – жаһандағы ең бақытты һәм бай ел болып саналады. Қазіргі таңда Норвегия құны 350 миллиард норвег кронына тең мұнайды экспорттайды. Экспорттан түскен қаржы толықтай Ұлттық қорға салынады. Ал қор ол ақшаны шетелдерге инвестиция салып, одан әрі көбейтеді. Үлгі алатын тұсы инвестициядан түскен табыстың 96 проценті қайтадан қорға құйылады. Жемқорлық пен сыбайластыққа жол бермес үшін қордағы бүкіл капитал бақылауда болады.
«1960 жылдары Норвегия өмір сүру деңгейі Швеция мен Даниядан 30-40 процентке төмен еді. Қазір Норвегияның деңгейі бұл екі елден айтарлықтай жоғары». Бұл ел астанасы Ослодағы Норвег бизнес мектебінің экономисі Бруно Жерардың салмақты сөзі.
Бір сөзбен айтқанда, ел тұрғындары Норвегия байлығының қызығы мен игілігін көріп отыр. Орташа айлық жалақы 5-7 мың еуро көлемінде. Жұмыссыздық жоқтың қасы. Бұл елдің ұраны мен алға қойған мақсаты Елтаңбасында жазылғандай: «Бәрі де Норвегияның игілігі үшін».

ҚАЗАҚСТАНМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Біздің ел секілді мұнай мен газға бай Норвегиядан үйренеріміз көп. Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығын дамытудың мүмкіндігі мол. Бұл елмен дипломатиялық қатынас 1992 жылы басталған. Ал 2004 жылдан Қазақстанның Норвегиядағы, 2008 жылдан Норвегияның Қазақстандағы елшілігі жұмыс істей бастады. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ең алғаш Норвегия Корольдігіне 2001 жылы ресми сапармен барып, қазақ-норвег қарым-қатынасының іргетасын қалап кеткен болатын. Міне, содан бері қос ел арасында ынтымақтастық арта түсті.
Бүгінде Қазақстанда норвег кәсіп­керлерімен бірлесе құрған 40-жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Қос елдің сауда-экономикалық тауар айналымы 2017 жылы 52,8 млн. долларға жеткен. Оның ішінде, экспорт-6,6 млн, импорт-46,1 млн. Негізінен Қазақстан Норвегияға құрылыс құрылымдарды және жабдықтарды экспорттайды. Ал Норвегия Қазақстанға балық, азық-түлік өнімдері, машиналарды, жабдықтар мен қара металлдан жасалған бұйымдарды жеткізеді. Оған қоса, 2005 жылдан бастап, 2017 жылға дейін Норвегиядан Қазақстанға келген тікелей инвестиция ағыны 1,6 млн. АҚШ доларына жеткен. Ал Қазақстаннан Норвегияға барған инвестиция көлемі 0,2 млн. АҚШ доллары.
Қорыта айтқанда, Норвегия Король­дігінің озық отыздықтың басынан ойып тұрып орын алуында, өзіндік таби­ғи ерекшеліктерімен қатар, елдің тұрақ­тылыққа негізделген эконо­микасының жемісі. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық саласындағы бірқатар тәжірибесі дамушы елдер үшін үлгі бола алады. Байқағанымыз норвегиялықтар мұнай ықпалды шетелдік құрылымдар аса жоғары бағалайтын стратегиялық ресурс екенін тез түсінді. Мұнайдың қадіріне жеткенін сөзбен емес, іспен дәлелдеді. Бірақ күндердің күні мұнай мен газдың сарқылары айқын. Алайда норвег үкіметі оған да дайындалып жатыр. Әсіресе, нанотехнологияның нанын жеуге қамдану үстінде.
05 желтоқсан 2019 ж. 826 0