Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ТЕРРОРИЗМГЕ ТЕГЕУРІНДІ ТОСҚАУЫЛ

ТЕРРОРИЗМГЕ ТЕГЕУРІНДІ ТОСҚАУЫЛ


«Біз қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек». Бұл Президенттің стратегиялық Жолдауында айтқан пәрменді тапсырмасы. Бүгінде жат ағымның жетегінде кетіп адасқандар бүгінгі қоғамның айықпас бір дертіне айналды. Сан ғасырлардан бері санамызда қалыптасқан ата-баба дәстүрін адасушылық деп танитын, ұстанымдағыларда ұлт тағдырына көлеңке түсіруде. Жалпы терроризм дегеніміз – ел ішінде үрей және дүрбелең тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар тарапынан жеке адам және қоғам тәртібін, тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын іс-әрекет. Терроризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Терроризмнің мақсаты – мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау.
Сондықтанда бұл бағытта алдын алу және түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында кент әкімдігінің мамандары мен балабақша меңгерушілері арасында арнайы дөңгелек үстел мен кездесулер өткіздік. Оған қоса, алдағы уақытта аудандық «Жастар ресурстық орталығы» және аудандық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» бөлімінің теолог мамандарымен бірлесе отырып, жастар арасында кездесулер өткізу жоспарда бар.
Алмагүл МАМИРОВА,
Жаңақорған кент әкімі аппаратының бас маманы.
03 сәуір 2018 ж. 1 281 0