Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 51

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Мәртебеде болыңыз

Мәртебеде болыңыз

Медицина қызметкерлерінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарыңың өз кезеңіне уақытылы төлену міндеттілігінің тәртібі туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиал мамандарымен медицина ұйымдарыныңқызметкерлерімен Zoom – бейне конференция барысында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
ҚР Заң талаптары аясында әрбіразамат МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесінің иегеріболуы аса маңызды екендігі, яғни МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар тиесілі медициналық қызметті алуына мол мүмкіншілік беретіндігі аталып, бұлденсаулықты қорғаудың кепілі екендігі айтылды. Осыған байланысты,міндетті түрде сақтандырылу денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің пациенттерге үлгі болуы керек деп атап өтті Қордыңоблыстық филиалының директорыЖақсылық Абдусаметов.
Жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін жалақы қорының 3% мөлшерінде аударымдар жасауы қажет екендігін еске сала отырып, бұл ретте аударымдардың ең жоғары сомасы айына 25 500 теңгеден (10 айлық есептік көрсеткішінің 3%) аспауы тиіс. Биылғы жылға бюджеттік Кодексімен бекітілген 1 АЕК - 85 000 тенгені құрайды (85000 * 10 = 850 000 тенге * 3% = 25 500 тенге). Бұл аударым сомалары қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оларды жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер мен жеке тұлғалардың МӘМС-ке төлеуге тиесілі жарналары ай сайынғы табысының 2% мөлшерінде белгіленген. Бұл ретте, жұмыс беруші тарпынан айына 10 ЕТЖ аспауы тиіс, яғни қызметкердің ай сайынға жалақысынан ұсталып, төлейтін ең жоғары жарнасы әр айға 17 000 теңгеден аспауы тиіс.
Егер қызметкердің ресми жұмысқа тұрғанға дейінгі үздіксіз соңғы 12 айы төленбеген жарналары болған жағдайда, сақтандыру мәртебесін алу үшін есепті кезеңге жарналарын үздіксіз 12 айға толық төленуі ұсынылады.
---
06 желтоқсан 2024 ж. 33 0