Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 51

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘМСҚ филиалының мамандары еңбек ұжымдарының сұрақтарына жауап берді

ӘМСҚ филиалының мамандары еңбек ұжымдарының сұрақтарына жауап берді


МӘМС жүйесінде өз мәртебеңізді қалай сақтауға болады, медициналық сақтандырудың артықшылықтары қандай? Өңірдегі ірі кәсіпорын қызметкерлерінің осы және өзге де сауалдарына Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиал мамандары zoom-бейне конференциясы барысында жауап берді.

Онлайн-конференцияға Қордың орталық аппаратымен ұсынылған мәлімет негізіндегі жұмыс берушінің өз қызметкерлеріне МӘМС жарналарымен аударымдарын уақытылы немесе толық төлемеу салдарынан сақтандырудан тыс қалған қызметкерлер бойынша аймақтағы 6 кәсіпорын объектісіне, атап айтқанда «ҚазСпектрСтрой» ЖШС, «Integra Contruction KZ» ЖШС филиалы, «Аралтұз» АҚ, «Бастау» ЖШС, ҚР Стретегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Үлтық статистика бюросының, ҚР Сот әкімшілігі облыстық департаменттері сияқты мекемелердің ұжым қызметкерлері қатысты.
Халықты ақпараттандыру және өтініштердіқарау бөлімініңбасшысы Ғалымжан Салықов атап өткендей, қызметкер МӘМСжүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін жоғалтпауыүшін үздіксіз 12 айдынаударымдар мен жарналартұрақты түрде болуы қажет.Егер де, бір айдын төлемдері толық болмаса, қызметкер өз сақтандыру мәртебесін жоғалтатындығы ескертілді.
Төлемдерді жасау барысында ЖСН дұрыс, төлем жасалған ай мен жылы тиесілі кезеңіне нақты белгіленуі маңызды. Заң талаптары аясында белгіленген аударымдар мен жарналардың өңделу мезімдері үш жұмыс күн ішінде жүргізілетіндігі айтылды.
Сондай-ақ, спикер егер еңбек демалысы 30 күннен асатын немесе ұзақ мерзімді еңбек демалысында болған жағдайда, МӘМС жарналары мен аударымдарының төлену кезеңі әрбір ай үшін есептелен еңбек демалыс күндеріне сәйкес жүргізілуі тиісті екендігін жеткізді. МӘМС жүйесі халықтың денсаулығын қорғауға және олардың медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыруын қамтамасыз етуге бағытталғаны баса айтылды.
06 желтоқсан 2024 ж. 101 0