Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қызылорда қаласындағы сауда орталықтарында денсаулық акциясы өтті

Қызылорда қаласындағы сауда орталықтарында денсаулық акциясы өтті


«Aray city mall», «Ажар», «Жібек жолы» сауда орталықтарында «Денсаулық аралы» акциясы өтті. Ұйымдастырушы – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы.
Шара барысында №1 және №3 қалалық емхана мамандары қауіп факторлары мен ауруларды бастапқы кезеңде анықтау мақсатында тұрғындарға консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетті. Дәрігерлер қан қысымын, бойын, салмағын, қандағы қант пен холестерин деңгейін өлшеп, кеңес берді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының мамандары сұрақтарға жауап беріп, сақтандыру мәртебесін қалай алуға болатынын, медициналық сақтандырудың қандай артықшылықтары бар екенін түсіндірді. Сондай-ақ тұрғындарға МӘМС жүйесі туралы ақпараттық буклеттер таратылды.
Профилактикалық
тексерулерді қаржыландыру Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылатыны, сондықтан скринингтерденөту үшінМӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесінің болуы қажет екендігі атап өтілді.
20 тамыз 2024 ж. 442 0