Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 79

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » МЕЙІРГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МЕЙІРГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Жалпы, мейірбике ісі – ең жауап­ты, қиын да қарапайым, әрі адалдықты қажет ететін маман иесі.
Олай болса, денсаулықтың жаршысы бола білген, игілікті мамандық иелерін Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!

Бүгін М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде 12 мамыр - Халықаралық мейіргерлер күніне орай "Мейіргерлерге мың тағзым" атты салтанатты іс-шара өткізілді. Аудандық медициналық қызмет өкілдеріне аудан әкімінің арнайы Алғыс хаты табысталып, құрмет көрсетілді.
Марапаттау рәсімін өткізген аудан әкімінің орынбасары Ердулла Нұртазаұлы марапат иелеріне денсаулық, құт-береке және атқарып жатқан игі еңбектеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ тағы да бір топ мейіргерлерді ауданаралық аурухана бас дәрігері Сәкен Алеудинұлы, салалық кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен марапаттап, барша мейіргерлерді бүгінгі мерекемен құттықтап,
"Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер" деген ақ тілегін жеткізді. Мерекелік шара аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты
13 мамыр 2022 ж. 291 0