№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » 12- мамыр халықаралық медбикелер мерекесі

12- мамыр халықаралық медбикелер мерекесі


1971 жылы Дүниежүзілік Медбикелер Кеңесінің ұйғарымымен ба- стау алып, содан бері Медбикелер күні деп аталып келе жатқан осы күнді ресми мереке ретінде атап өту бүгінде дәстүрге айнал- ды. 12 мамыр – медбике ісінің негізін салушы, ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің туылған күні. Флоренс Найтингейл Қырым соғысы кезінде (1853-1856) тұңғыш болып мейірбикелер қызметін ұйымдастырған.

Сондықтан Халықаралық Мейірбикелер кеңесі осы даңқты әйелді мәңгілік есте қалдыру мақсатында 12 мамырды Халықаралық мейірбикелер күні деп қабылдап, сол жылдан бері осы күн денсаулық сақтау саласында ерекше мереке ретінде тойланып келеді. Әлемнің 141 елінен мейірбикелер жиналып «Халықаралық Медбикелер Кеңесі» деп аталатын қоғамдық ұйым құрғаннан кейін 12 мамыр - Дүниежүзілік мейрам мәртебесіне ие болды. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейін біздің елімізде де 12 мамыр - мейірбикелер күні болып ресми түрде тіркелді. Кешегі Ұлы Отан соғысы жылда- рында жаралы жауынгерлерге шұғыл медициналық көмек көрсетіп, оқ пен оттың ортасында жүріп қызметтік міндетін адал атқарып, Жеңіс күнінің жақындай түсуіне үлкен үлес қосқан мейірбикелер мен фельдшерлер қатары аз болған жоқ. Сондықтан қан майдан- да қан кешіп, қатыгез жауды жеңуге септігін тигізген мейірбикелер мен санитаркалардың орны қашанда бір бөлек. Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласында көптеген мейірбике қазақ қыздары да болды. Солардың бірі және бірегейі біздің жерлесіміз фельдшер Рәзия Ысқақова болатын. Небәрі он тоғыз жасында от кешіп, май- дан даласына өзі сұранып, сұрапыл соғыста жаралы жауынгерлерге медициналық көмек көрсеткен Рәзия Ысқақова ерлікке тең істерімен, өжеттілігімен көзге түсіп, Халықаралық Қызыл Крест комитетiнің ең жоғарғы наградасы «Флоренс Найтингейл» медалiмен мара- патталды. Кеңестер Одағы бойынша мұндай мәртебеге небәрi 38 мейірбике ие болған. Қазақ қызы туралы Кеңестер Одағының Ба- тыры генерал-полковник Д.Драгунский кезiнде былай деп жазып- ты: “Сұмдық көрiнiстiң куәсi болдым. Алға ұмтылған танкінiң бiрi отқа оранды. Қарасам, Қызыл Крест белгiсi бар өрiмдей қыз жалын құшқан машинаның қақпағын ашып қойып кеттi. Осылайша ажал апа- нына төрт рет сүңгiп, төрт танкистi құтқарды”.
Міне, антына адал, сертіне берік «Флоренс Найтингейл» медалінің иегері Рәзия Ысқақова апамыздың майдан даласындағы ерлік жолы ешқашан ұмытылмайды және кейінгі ұрпақққа үлгі-өнеге болып қала бермек... Денсаулық сақтау саласында халық денсаулығын жақсарту жолындағы мейірбикелер еңбегі ұшан теңіз. Осы саланың барлық са- тысында мейірбикелер еңбегі көрініп тұрары анық. Ұлт денсаулығын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жемісті жұмыстар осының айғағы. Мейірбикелер сала жұмысының алға жылжуына едәуір үлес қосып, отандық денсаулық сақтаудағы ең жақсы дәстүрлерді жоғалтпай, әлемдік тәжірибені игеріп, өздерінің күнделікті тәжірибесінде медициналық көмек көрсету сапасын арттыра отырып, мейірбикелік күтімді жетілдіру және денсаулық сақтау жүйесінде шығындарды төмендету бағыты бойынша да айтарлықтай еңбек етіп келеді. Өйткені, мейірбике - білім мен шеберлігі бар, ісімен жан- жақты, күтім процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін ерек- ше мамандық иесі. Қазіргі кезде Мейірбикелер ісін модернизаци- ялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мейірбике ісін дамыту үшін ауқымды шаралар қолға алынуда. Бүгінгі мейірбике тек қана дәрігер бұйрығын орындаушы ғана емес, ол ойшыл, үнемі ізденісте жүретін шығармашыл тұлға. Мейірбике – мейірбике ісі философи- ясын бөлісетін, мейірбике ісін жүргізуге құқығы және кәсіби білімі бар маман. Мейірбике ісінің негізгі мақсаты – адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау қажеттігін қанағаттандыруға негізделеді. Сондықтан мейірбикенің негізгі міндеті – адамдарды, отбасыларды, халықты физикалық, психикалық, әлеуметтік потенциалын жүзеге асыруға үйрету. Өйткені мейірбике ісінің негізгі философиясы өмірді, адамның құқығы мен абыройын сыйлау, жеке тұлға ретінде қарастыру болып табылады. Яғни, басқа сөзбен айтқанда, мейірбике – емделушінің күтімін ұйымдастырушы, емделушінің күтімін орындаушы, емделушінің ықыласын қорғаушы, кеңесші, зерттеуші, медициналық топтың белсенді мүшесі, көшбасшы. Мейірбике – денсаулық сақтау саласының негізгі қозғалтқыш күші. Сондықтан, науқастарға психологиялық тұрғыдан демеушілік көрсетіп, мейірімділік таны- тып жүрген ақ халатты абзал жандардың жан-жақтылығы бүгінгі уақыт талабы. Мейірбике өз қызметі барысында ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеушілік, оқытушылық міндеттер сияқты қағидаттарды басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясын- да атқарылған және қазіргі кезедегі «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалынып жатқан жұмыстардың барлық белесінде мейірбикелердің адал еңбегінің жатқаны даусыз. Халық денсаулығын жақсарту, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, медициналық алғашқы жәрдемді жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау, аурудың алдын алу бағытындағы скринингтік тексерулер, тұрғындарды салауатты өмір салтына баулу, басқа да қаншама шаралардың жүзеге асырылуындағы мейірбикелердің қызметтік міндеттері олардың денсаулық сақтаудың барлық саласындағы орнын көрсететіндігінің тағы бір дәлелі. Сондықтан науқасты қабылдағаннан бастап, оны емдеу барысындағы барлық күйбең тіршіліктің бел ортасында жүретін мейірбикелер еңбегі қоғам алдында қашанда бағалана бермек. Орта буын медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, шеберлігін шыңдау, білімін жетілдіру бағытында да көптеген жұмыстар атқырылып жатыр. Мейірбикелеріміз өңірлік оқу орталықтарында білікті мамандардан дәріс алып, білімдерін жетілдіру үстінде. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Екіншіден, республикалық, облыстық емдеу орталықтарынан білікті мамандар ауданымызға келіп, түрлі тақырыптарда мастер кластар өткізуде. Ауданымыздың денсаулық сақтау саласында талай жыл тапжыл- май тер төгіп, еңбегімен елдің ыстық ықыласына бөленген ардақты мейірбикелеріміз, сала ардагерлері де аз емес. Алдыңғы толқын апаларымыздың ұлағатты істері мен өнегелі еңбек жолдары кейінгі толқын өкілдеріне үлгі болары сөзсіз. Иә, өмірге сән беріп, тіршіліккке нәр беріп, қалтқысыз қызметін ұсынып, мейірімділік пен жылықтың символына айналып, игілікті мамандық иесі атанған мейірбике ісі – қашанда сый-құрметке лайық. Өйткені, тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда мейірбике жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан мейірбикелік кәсіп немесе мейірбике ісі денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі. Олай болса, денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы, Гипократ антын қабылдап, міндетін мінсіз атқарып жүрген баршаңызды Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай етіп етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер! Ұлт денсаулығын нығайту жо- лында мемлекеттік саясатты жүзеге асырып, халықтың қошеметіне бөленіп, бірлесіп еңбек ете берейік!
Бас мейірбике Т.Данеева.


11 мамыр 2020 ж. 1 305 0