№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Аудандық сот 9 айды қорытындылады

Аудандық сот 9 айды қорытындылады


Қоғамда Заң үстемдігі салтанат құрғанда халықтың әділетті жүйеге деген сенімі орнығады. Осы орайда аудандық сот төрағасы Әлия Түбекбаева 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жөнінде мәліметке қанықтырды.


– Сот саласын жан-жақты реформа­лау жұмысымызды жүйелей түсуде. Сала мамандары қашанда азаматтармен тығыз байланыс орнатып, ашықтық қағидатын ұстанып келеді. Сан салаға бөлінген сот жүйесінің қызметі бірнеше бағытты құрайды. Ағымдағы жылдың 9 айында сот өндірісінде 1115 іс қаралып, оның басым көпшілігі азаматтық істер – 588, одан кейінгі кезекте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер – 451 істі құрап отыр. Оның ішінде 91 адамға қатысты 57 қылмыстық іс, 674 талап қою арызы, 15 азаматтық іс, 36 әкімшілік іс, 436 тұлғаға қатысты 463 құқық бұзушылық туралы іс келіп түскен. 316 іске шешім шығарылып, 104 іс тоқтатылды, 101 іс татуласу арқылы аяқталған. Бір айта кетерлігі қылмыс 25 пайызға көбейіп отыр. Оның ішінде интернет алаятық белең алып барады, – деді Әлия Бердібекқызы.
Сот төрелігіне халықтың қол же­тімділігін қамтамасыз ету мақсатында ғаламтор жүйесінде соттардың жеке әлеуметтік желіде парақшасы ашылып, онда соттағы істердің қозғалысы жай­лы мәліметтер, соттардың атқарған жұмыстары жайлы хабарламалар жа­рияланып тұруы әдетке айналды. Бұл мәліметтерге ғаламтор қызметін пайдаланушы әрбір азамат қол жеткізе алады. Бұл халықтың сотқа деген сенімін арттырып, ақпаратты қолжетімді ете түсетінін атап өту керек. Аудандық соттың әрбір ісі мен жаңалығы, тоқсан сайынғы қорытындысы фейсбук әлеу­меттік желісінде ұдайы жарияланып отыратынын көріп те жүрміз.
Ал азаматтық істер бойынша ау­дандық сотқа 674 талап арыз түсіп, 499 талап қою арызы бойынша азаматтық іс қозғалып, 316 іске шешім шығарылып, 67 іс бойынша талап қою арыздары қараусыз қалдырылған, 104 азаматтық іс тоқтатылған. Соттылы­ғы бойынша 4 азаматтық жолданған, барлығы 588 азаматтық іс аяқталған. Ағымдағы жылдың 9 айында 5 арыз қабылдаудан бас тартылған, кері қай­тарылған арыздар саны 63 болған. Шешім қабылданған 316 іс бойынша 300 талап қою қанағаттандырылып, 16 талап қою қанағаттандырусыз қал­дырған. Азаматтық істер бойынша 19 апелляциялық шағым түсіп, оның 15-қаралып, 4-сот шешімінің күші жой­ылған. Ал, талап қою арыздардың 674 оның ішінде 646 талап арызы сот кабинеті арқылы түскен, 28 талап арыз тіркелсе, оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен 160 азаматтық іс аяқталған. Одан бөлек, қылмыстық істер бойынша 91 адамға қатысты 57 іс түскен.
Сондай-ақ сот төрағасының мәлі­метіне сай әкімшілік істер 36 іс түсіп, оның 31-і жер қатынастары бөлімі ком­муналдық мемлекеттік мекемесіне әкім­шілік актілерге дау айту туралы болса, 3-уі округтік сайлау комиссиясының хаттамасын заңсыз деп тану, оның 1-і жеке сот орындаушының әрекетіне дау айту, 1 комиссия хаттамасының күшін жою, оның 14 кері қайтарылған. Оның ішінде 1 іс бойынша шешім шығары­лып, талап қою қанағаттандырылған, 18 әкімшілік іс тоқтатылған, оның ішін­де Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңын қолданып 18 азаматтық іс тоқтатылып, барлығы 17 іс аяқталып, келесі есептік кезеңге 3 іс қалдық­қа қалған. Әкімшілік істер бойынша 2 аппелляциялық шағым, 2 ұйғарымға жеке шағым түсіп қаралып, 45 сот актісі де өзгеріссіз қалған.
Сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында сот саласының цифрлы жүйеге дер кезінде бет бұруының тиімділігін сезініп келе­міз. Қазір сот залындағы істердің бар­лығы бейнежазба арқылы жүргізіледі. Яғни, кез келген айыпталушы немесе өндіруші тарап апелляцияға бергенде бейнежазбаны пайдалана алады.
– Сот жүйесін цифрландыру үшін «Цифрлы Қазақстан» жобасының ти­імділігі арта түсті. Цифрлы жүйе қағаз­бастылықтан арылып, халықтың уа­қытын үнемдеп, сот жүктемесінің азаю­ына ықпал етіп, сотқа жүгінуші тараптар да орынсыз сабылудың алдын алды. Есесіне сот жүйесінде электрон­ды технологияға негізделген, заман талабына сай, оңтайлы, қолжетімді, ашық сот процестері базасы жасалып, халықтың сотқа деген сенімінің артуына әсер етті. Қазір істердің барлығы электронды нұсқаға көшті. Мәселен, қазір талапкер немесе борышкерлер сотқа онлайн арқылы қатыса алады. Ол үшін қалта телефонына «True Conf» құрылғысын жүктеп алады. Ал телефон түсінбейтіндер аудандық сотқа қатысу үшін өзінің тұрғылықты қаласындағы сотқа алдымен хат жазады, сосын іс басталғанда сот залындағы экраннан тікелей эфирде процеске қатысуға құқы бар. Бұл уақытты үнемдеуге, екінші жағынан ашықтық пен жариялылықтың қолдану аясын кеңейтуге мол мүмкіндік береді, – деді Әлия Бердібекқызы.
Сот төрағасы одан әрі аудандық сотта әкімшілік жаза қолдану көрсеткішіне тоқталды. Биыл 463 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түскен, 451 іс негізінен қаралып, 5 әкімшілік құқық бұзушылық іс соттылығы бойынша жолданған, 7 іс келесі есептік мерзімге қалды. Оның ішінде 366 іс бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылып, 85 іс тоқтатылған. Тоқтатылған істер бойынша 73 әкімшілік іс тараптардың татуласуына байланысты, медиация заңы қолданылып, ӘҚБтК-ің 64 бабына сәйкес, 1 әкімшілік іс ауызша ескерту берілген. Соның ішінде әкімшілік жаза тағайындалған істер бойынша негізі жаза ретінде 215 адамға әкімшілік айыппұл салынған, 102 адам әкімшілік қамаққа алынған, 9 адам арнайы көлік жүргізу құқығынан айырылған, 36 адамға ескерту жасалған, 4 адам Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылған. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша салынған айппыұл сомасы 10,505,188 теңгені құрайды, өз еріктерімен 4,746,692 теңгесі төленген. Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 26 жекеше қаулы шығарылған.
Ал, жыл басынан бері 100 адам ажырасуға өтініш берсе, оның 38-і сотпен татуласып, осы негізде талап қоюшылар талап қоюын қайтарып алған, яғни 38 отбасы сақталған. Байқағанымыздай қоғамда отбасының ажырасу мәселесі қазір көпті алаңдатуда. Бұл жағдайлар төңірегінде жан-жақты тоқталып өтті.
– Елімізде жылдан-жылға ажырасып жатқан отбасылар көбеюде. Әрине, бұл жақсылықтың нышаны емес. Шыны керек, бізге ажырасуға өтініш білдірген азаматтарды ажыратпай, керісінше та­туластыруға тырысамыз. Әуелі екі та­рапты да тыңдап, белгілі бір мерзім уақыт береміз. Ажырасу оңай болғаны­мен, ортада балалардың қиналатынын, тірі жетімнің күйін кешетінін егжей-тег­жей­лі айтып, отбасындағы татулықтың дәнекері болатын кішкентай сәбилердің де болашақ тағдырына немқұрайлы қарамау қажеттігін түсіндіреміз. Қалай десек те, қисыны келіспейтін қамшының сабындай қысқа ғұмырда отбасындағы құндылықтардың қадірін жете түсініп, жақсы бағалай білетін отбасылардың екіге бөлінгенін емес, бір бүтін болып қалуына бар күшімізді салып келеміз. Біз өз тарапымыздан барынша отбасын сақтап қалуға әрекет етеміз, – деді.
Аудандық сот ұжымы қызу жүріп жатқан жұмысты БАҚ беттеріне жариялап отырады. Қазақстан Респуб­ликасы Жоғарғы Сотының сайтына жариялауға 58 материал жолданып, оның 30-жарияланған, бұқаралық ақ­парат құралдарына судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің 60 мақала­сы жарияланып, 2 пресс-конференция өткізілген, 11 семинар сабағы ұйым­дастырылып, 3 бейнеролик, барлық істер тек аудио-бейне жазбасы (АБЖ) құралына басылып қаралған және аудандық соттың төрағасы «KESIM» жобасының кезекті шығарылымына сұхбат берген. Баспа­сөз конференция­сын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта сот төрелігінің сапа­сын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап өтті.
Осы тұста айта кетейік, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл қаралған істердің саны азайған, мұнда сотта және сотқа дейін тарап­тардың татуласу құқығын қамтамасыз ететін медиацияның маңызы үлкен. Еліміздегі сот жүйесі өз тарапынан түрлі реформаларға мұрындық болып, халықтың сотқа деген сенімін нығайтуға, тәуелсіз Қазақстанда адам құқығының аяқасты болмай, бостандық пен теңдіктің сақталуын биік мұрат етіп келеді.
– Сот билігінің күші Заңның мүлтік­сіз орындалуында, құқыққа деген зор құрметте. Қазіргі қоғамда азаматтар­дың өз құқықтарын жетік білмеуі не­месе өзгелердің құқықтарын бұзу си­яқты көріністер кездеспей тұрмайды. Әлеуметтік ортадағы түрлі құқық бұ­зушылықтардың Ата Заң негізінде қал­пына келтірілуі, әділдік табуы, халықтың сот билігіне деген сенімінің нығаюы Конституциямыздың арқасында мүмкін болып отыр. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба береді, – дейді аудандық сот төрағасы Әлия Бердібекқызы.

Әсел Рзаева

---
28 қазан 2023 ж. 423 0