Әбдіхалық ағаның үй ауласындағы бау-бақшасы жайқалып тұр
Көктем келе, күрек сайманын қамдап, бақша ісіне әзірленетін отбасының бірі – Қаппаровтар әулеті. Әрбір түп ағашқа еңбек сіңіріп ерекше күтім жасайтын Әбдіхалық Әбсаттарұлын әңгімеге тартып, көшет отырғызып, оны күтіп-баптаудағы мән-маңызын білдік. Талғат Бегелдинов көшесінің тұрғыны Әбдіхалық ағаның үй...