Наурыз құтты болсын!
Жиырма екінші наурыз жылдың басы,
Тарихта белгіленген осы арасы.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойын,
Қазақтың тойлайды екен кәрі, жасы.
Қазақтың үлкен тойы Наурыз күні,
Теңескен бірдей болып күн мен түні.
Өрісте төрт түлігі түгел төлдеп,
Жер иіп, тамырлаған өсімдігі.
Наурыз келіп қуанды жүрегіміз,
Өлең, жырмен тасыды жігеріміз.
Ұлыстың ұлы күні мерекеде,
Бейбітшілік халыққа тілеріміз.
Байлығы артып халқымның өсе берсін,
Үні шықпай дұшпанның өше берсін.
Жер жүзінде тыныштық болсын деген,
Тілегіне халқымыз жете берсін.
Аман болсын ел, халқым аман болсын,
Отанына мейрімді адал болсын.
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалар,
Бәрімізге бақытты заман болсын.
Келді міне Жаңа жыл ортамызға,
Құт, береке әкелсін баршамызға.
Аңсаған арманымыз орындалып,
Өміріміз бөленсін бақыт-нұрға.
Нәрзілда БҮРІСБАЙҰЛЫ,
Келінтөбе ауылы
Тарихта белгіленген осы арасы.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойын,
Қазақтың тойлайды екен кәрі, жасы.
Қазақтың үлкен тойы Наурыз күні,
Теңескен бірдей болып күн мен түні.
Өрісте төрт түлігі түгел төлдеп,
Жер иіп, тамырлаған өсімдігі.
Наурыз келіп қуанды жүрегіміз,
Өлең, жырмен тасыды жігеріміз.
Ұлыстың ұлы күні мерекеде,
Бейбітшілік халыққа тілеріміз.
Байлығы артып халқымның өсе берсін,
Үні шықпай дұшпанның өше берсін.
Жер жүзінде тыныштық болсын деген,
Тілегіне халқымыз жете берсін.
Аман болсын ел, халқым аман болсын,
Отанына мейрімді адал болсын.
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалар,
Бәрімізге бақытты заман болсын.
Келді міне Жаңа жыл ортамызға,
Құт, береке әкелсін баршамызға.
Аңсаған арманымыз орындалып,
Өміріміз бөленсін бақыт-нұрға.
Нәрзілда БҮРІСБАЙҰЛЫ,
Келінтөбе ауылы