Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бесарықта тұратын Байкісі есімді жас шебер ата кәсіпті серік еткен

Бесарықта тұратын Байкісі есімді жас шебер ата кәсіпті серік еткен

   Жаңақорғандаат-әбзелдерінжасайтынұсталартапшы. Сырөңіріндегіжылқыныңжартысыбіздіңаудандаболғандықтанәбзелдергедегенсұранысөтежоғары. Оныңүстінеатспортынаноблысқұрамасыныңтолықтайдерлікқұрамынжаңақорғандықжігіттерқұрайды. Сондықтансәйгүлікбаптап, оныңжабдықтарынжасауөнерітаптырмайтынкәсіпкеайналды. БесарықтатұратынБайкісіесімдіжасшебератакәсіптісерікетіп, бүгіндешағыншеберханасынбизнескөзінеайналдырған. Тұрғындарталғамынасайжасалыпжатқанәбзелдердікөзбенкөруүшінтауетегіндегіауылғабеталдық.

Қазақта «аттан айырылсаң да, ер-тоқымнан айырылма» деген аталы сөз бар. Осының өзі кешегі көшпелі қазақ халқының ат-әбзелдеріне деген құрметін көрсетеді. Өйткені әбзелдерді тұрмыстық, сәндік, жауынгерлік мақсатқа орай пайдаланып отырған. Жүйрік ат, алтын жалатылған ер-тұрман, сұлу жар – ер-азаматтың ажары деген сөз осыдан қалса керек. ХХІ ғасырда техника қарыштап дамыса да, жылқы әбзелдеріне деген сұраныс азайған емес. Әсіресе бүгінгі кейіпкеріміз Байкісі Айдаштың шеберханасына келетіндердің қатары көп.
– Былтыр қайтарымсыз қаржыға қол жеткізіп, Қытайдан арнайы құрал-жабдықтар алдырған болатынмын. Жалпы жылқының жабдығын жасау үшін кейде бір айдан да астам уақыт кетеді. Ер-тұрман, үзеңгі, ноқта, тартпа, тоқым, жүген және өзге де әбзелдерін жасай беремін. Тапсырысқа сай жұмыс жасаймын. Заманға сай ат-әбзелдерін жасау кәсібін қолға алғанына 10 жылдан асты. Әкеден қалған кәсіпті кәдеге жаратып, былтыр қайтарымсыз грант ұтып алдым, – деді ол.
Жалпы қазақ халқының өмірінде ағаштан жасалатын үй және тұрмыстық бұйымдарының алатын орны ерекше. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Сол себепті ат әбзелдері қазақ үшін құнды бұйым. Ел арасында сапалы ер-тұрманға деген сұраныстың жылдан-жылға артып келе жатқаны қуантпай қоймайды. Соңғы жылдары аудандағы ат спортының дамуы көңіл қуантады. Сыр өңірінің намысын қорғап жүрген жаңақорғандық жігіттердің жеңісіне қазақ елі куә. Байкісіге ауыл-ауылдан тапсырыс көп түседі екен. Бізге әбзелдердің бағасын білу қызық болды.
– Сапасына байланысты, негізінен ер-тұрмандар 60 мың теңге болса, жүген 15 мың, тартпа 10 мың, осылай кете береді. Әбзелдерді екпе талдан жасаймыз. Бұл ағаш бізде өседі, тек Өзбекстаннан жіп, былғары терілер (кожа) алдырамыз. Кейде Өскемен қаласына да тапсырыс береміз, – деді кейіпкеріміз.
Байкісі көктем-жаз айларында көбіне уақытты шаруашылық жұмыстарына арнайды. Күз бен қыста тапсырыс көп түсетін көрінеді. Өйткені көкпарды елдің Оңтүстік өңірі көбіне күз бен көктем айларында шабады екен. Әзірге әкесі екеуі шағын кәсіпке дем беріп келеді. Алдағы уақытта цех жұмысын ұлғайтып, қосымша қызметкерлер алу ойында барын жасырмады. Қазірдің өзінде ауыл жастары үйренуге ниет білдіріп жатқан көрінеді.
– Қазір ат әбзелдерін жасау технологиясы дамыған уақыт. Бәсеке де бар, сондықтан өзге өңірлерде сапа мен нарық айтарлықтай рөл ойнайды. Байкісінің жасаған бұйымдарына біздің көңіліміз толады. Бағасы да қолжетімді, ол әлі жас, шыңдала түсуі керек. Бабабдан келе жатқан кәсіпке дем беріп, заманға сай икемдеп жатқан оның қызметіне көңілім толады, – деді ұлттық ат спорты түрлерінен облыстың аға жаттықтырушысы Исламхан Боранбаев.
Ер-тұрман жасайтын адамды ерші дейді. Ершілердің ер-тұрманды жасау әдісі әр түрлі. Ердің ағаштан жасалған негізгі бөлегін сүйегі деп атайды. Ағаш тапшы жерлерде ердің сүйегін бірнеше бөліктен қиюластырып, құрап, желімдеп жасайды. Оны «құранды ер» деп атайды. Сол сияқты жуан ағаш дөңбекті екіге жарып, әр бөлігінен ер сүйегін тұтас шауып шығуға да болады. Құралды ер жасауға қайың ағашының безі өте қолайлы екен. Өйткені ол өте берік, әрі жарылып шытынамайды, қаңсымайды, өңделген кезде ағаштың табиғи өрнектері ашыла түсіп, өте әдемі болады. Ер сүйегін тұтас шабу үшін тал, киіз терек тәрізді ағаштар қолайлы.
Қарап тұрсақ бір ерді жасауға қаншама күш, уақыт кететінін білдік, ал толық әбзелдерді жасау шынымен шыдамдылық пен ұзақ уақытты қажет етеді. Байкісінің күні-түні адал еңбегінен осыны көрдік.

Әлібек ТЕМІРБЕК
28 наурыз 2020 ж. 980 0