Баршаға мәлім патент – құзыретті мемлекеттік орган беретін және өтінім берілген объектінің өнертабыс екендігін (өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модель), өнертабыс басымдылығын, авторлық және өнертабысқа айрықша құқықты куәландыратын құжат....
Бүгіндері тұрмыстық техникалардың ішінде ең "жауапты" қызметті атқаратын үтіктерсіз жағдайымыз сәл қиындау болар ма еді, кім білсін. Бірақ үтіксіз заман да болмады емес. Сонда ол кездегі адамдар мыж-мыж киіммен жүрген бе? Жоқ, әйтеуір бір амалын тапқан. Бүгінгі үтіктің кешегі сықпыты қалай болды екен?...
Иә, гитара көрсек ән тыңдауға құмартып тұратынымыз рас. Әуезді әнді естуге құмартып, әнші мен гитара үнінің үндестігіне қайран қап, тыңдай береміз-ау. Сондай қоңыр сазды Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде естіп, бір серпіліп қалдық. «О, гитара, шырқайық сені» атты аудандық әнші-гитаристер...
Күрестен Үндістанның астанасы – Нью-Делиде күрес түрлерінен Азия чемпионаты қазақ балуандары үшін табысты аяқталды. 5 алтын, 2 күміс, 12 қоланы жеңіп алып, командалық сында үшінші орынға жайғасты. Біз жүлде күткен Ғалымжан Өсербаев пен Дәулет Ниязбековке алтын бұйырмады....
Білікті бапкер Серік Әбдірахмановты еске алуға арналған еркін күрестен республикалық дәстүрлі турнир жалғасын тапты. 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен турнирге елдің әр өңірінен кіл мықтылар жиналды. Жоғары деңгейде өткен жарыста қай өңірдің балуандарының бабы келісті, қайсысының бағы жанды?...
Талай жыр мен өлеңге арқау болған сұлулығымен, әдепті сөзімен, зерек ойымен есімі тарихта қалған қаракөздеріміздің өнегесі өміршең. Артық туған қылығымен елді таңдай қақтырған жаратылыс иесі – қыз баласын бетінен қақпай өсіріп, тәрбиелеген. Ұлт үрдісіне көлеңке түсірген мына бір көрініс – қазақ қызын тауарға...
Жеңіл ақша, оңай табыс кім-кімді де қызықтырмай қоймайды ғой. Жасыратыны жоқ, бүгінде әлеуметтік желіні ашсаң, жарнаманың астында қаласың. Басым бөлігі табысқа тез арада қол жеткізуге шақырады. Негізі пирамидамен айналысатын адамдар бір орында отырмайды. Торға түскен сайын жаңаша тәсілдер ойлап табады....
Әуе толқынында "Қазақ радиосы". Осы бір өнебойынан ұлттың даралығы да, дархандығы да, парасаты да, паңдығы да, елдігі де, кеңдігі де, нәмарттығы да, жомарттығы да еркін есіп тұратын, құлашы жетер кеңістікті кезіп кете барар қоңыр үн естіген құлаққа ерекше жағымды жұп-жұмсақ қалпымен қалықтап келіп, қаны бір...