№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үтіктің тарихын білесіз бе?

Үтіктің тарихын білесіз бе?

Бүгіндері тұрмыстық техникалардың ішінде ең "жауапты" қызметті атқаратын үтіктерсіз жағдайымыз сәл қиындау болар ма еді, кім білсін. Бірақ үтіксіз заман да болмады емес. Сонда ол кездегі адамдар мыж-мыж киіммен жүрген бе? Жоқ, әйтеуір бір амалын тапқан. Бүгінгі үтіктің кешегі сықпыты қалай болды екен?
Ең алғаш үтікті кім жасағаны туралы нақты дерек тарихта сақталмаған. Ежелгі уақытта адамдар жуылған киімнің мыжылғанын кетірмек болып талай әдісті жасады. Мысалы, сулы матаны тарту арқылы киімді түзетуге тырысты. Ежелгі Рим халқы киімнің қыртысын түзеу үшін қызған тастарды пайдаланған. Бірақ бұрындары үтіктің қызметін домалақ ыстық таяқшалар атқарған. Мұндай таяқшалармен құрғақ киімдерді үтіктеген де, кейіннен оны кір жазатын және былғарыны ысатын ағаш тақтайшамен түзулеген. Ерте заманда қолдан тігілген киімдерді үтіктеу қиынға соғатын еді. Ондай кезде ыстығы басым құралдардың көпкөмегі болған.  Алғашқы үтік туралы деректер 1636 жылы орыс еліндегі жазбаларда кездесе бастады. Өйткені осы жылдың 31 қаңтарында патшаның шығын кітабында сатушы Ивашка Трофимовқа "Патшаға темір үтік жасап бергені үшін" 5 алтын төленгені жазылған.  XVIII ғасырда адамдар үтікті қалыпқа құю арқылы жасай бастады. Арнайы үтік жасауға арналған құралдар мен зауыттар пайда болды. Ол кездерде темір үтіктердің бағасы тым жоғары еді.  ХIX ғасырда француздар арнайы ыдысқа шоқ немесе ыстық көмір салу арқылы киім үтіктеген. Оның көмір салуға және түтін шығуға арналған арнайы тесігі болған. Уақыт өте келе үтіктердің сыртын түрлі бейнелермен сәндеу сәнге айналды. Жануарлар мен гүлдердің сурттерін бейнлеуді үйренген шеберлер сәнді үтіктерді сату арқылы қомақты қаржы жинады. Үтіктің сабын ағаштан жасады.  Кейіннен шеберлер үтіктерді күмістен жасай бастады. Үтікке жасалу күні мен шебердің есімін жазуды да сәнге айналдырды. Сол замандағы үтіктердің сипаты мынадай:  XIX ғасырдың соңына қарай сауда айналымға газбен жұмыс жасайтын үтіктер шыға бастады. 1892 жылы электрлі үтік өмірге келді. Содан бері электрлі үтіктердің сан түрі жарыққа келе бастады.
25 ақпан 2020 ж. 721 0