№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық тақырыбы бүгін ғана пайда болған мәселе емес.
Оның тарихы тереңнен бастау алады. Ал бұл бүкіл әлемге қауіп төндіріп отыр. Жалпы сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? бұл игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында өзінің лауазымдық немесе қызметтік өкілеттіктерін заңсыз пайдалану.  
Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді.   Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады.  Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпартты хабарлаған адам заңға сәйкес жауапты болады
Әрбір адам сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Құқықтық мемлекетте өмір сүру үшін барлық азаматтар саналы болуы керек. Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің 1424 колл орталығына хабарласыңыз .
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін елімізде заңда қабылданды. Түрлі шараларда қолданылып жатыр. Дегенмен оны шешудің жалғыз жолы, әлеуметтік жауапкершілік, күресуді әркім өзінен бастаса, санамызды жаңғыртсақ, отбасылық тәрбиенені қалыптастырсақ, адамгершілік пен имандылыққа баулысақ жетістігіміз сол болмақ.

          Жаңақорған аудандық сотының
бас маман аға сот приставы
А.Абдраимова
28 ақпан 2022 ж. 255 0