Адвокаттар төрт азаматтық іс бойынша дауласушы тараптарды татуластыруға жәрдемдесті
Партисипативтік рәсім тәртібімен тараптарды татуластыру-бұл Азаматтық процестік Кодекстің негізгі іргетасының бірі десек болады.
Партисипативтік рәсім тәртібі сот жүйесінің үш деңгейлі жүйесін қалыптастыру тұрғысынан азаматтық істерді қараудың процестік тәртібін айқындайды.
Дауды сотқа дейін реттеу тараптарға дауды қысқа мерзімде, материалдық және моральдық аз шығындармен реттеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ дауласушы тараптар адвокаттарының жәрдемдесуімен дау-жанжалдарды сотқа дейінгі реттеу міндеттілігін қарастыра алады.
Осы партисипативтік рәсім тәртібімен Жаңақорған аудандық сотының іс жүргізуіндегі төрт азаматтық іс оң шешімін тапты.
Сотта талап қоюшы А. жауапкер А-дан 150 000 теңге қарыз ақшаны өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.
Екінші іс бойынша талап қоюшы Е. жауапкер Р-дан 2 500 000 теңге қарыз ақшаны өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Үшінші іс бойынша талап қоюшы Т. жауапкер А-дан 40 000 теңге қарыз ақшаны өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Төртінші іс бойынша талап қоюшы Ж. жауапкер Е-ден 7 500 000 теңге қарыз ақшаны өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Татуластырушы судья Э.Рыскулов пен жүргізілген татуластыру рәсімдері нәтижесінде тараптар сотқа дейінгі хаттама жасап, адвокаттарының жәрдемдесуімен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді және істі өздерінің қатысуынсыз қарауды сұраған.
Партисипативтік рәсім кезінде дауды реттеу тараптар мен олардың адвокаттары А.Сансызбаев пен Ә.Оңласбековтің жәрдемдесулерімен жүзеге асырылды.
Партисиптивтік рәсім тараптардың татуласуы бойынша олардың мүдделерін ескере отырып, салмақты шешім қабылдауға мүмкіндік берді.
Жасалған партисипативтік келісім бойынша талап қоюшылар жауапкерлерден қарыз ақшаны өндіру жайлы талаптарынан бас тартты және жауапкерлер талап қоюшының пайдаларына ай сайын қарыз ақшасын бөліп төлеуге міндеттенді.
Осылайша тараптар істі партисипативтік рәсім арқылы реттеп, ұзақ уақытқа созылатын сот процестерінен құтылып, уақыттарын, қаражаттарын және бір-біріне деген бұрынғы қарым-қатынастарын сақтап қалды.
Енді бұл жоғарыда аталған татуластыру рәсімдерінің қажеттілігі мен тиімділігін аңғартса керек.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.