№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Тәртіпке бағынған құл болмайды

Тәртіпке бағынған құл болмайды


Елдегі орын алған террорлық актілерге байланысты ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, шектеулер енгізілді. Қандай шектеулер бар, коменданттық сағат қалай белгіленді, кімдер жауапты, тәртіп бұзғандар жазалана ма? Осы сауалдардың жауабын білмекке жауапты мекемелер есігін қақтық.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Жарлығымен 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізілді. Қызылорда облысының комен­данты облыстық полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес, облыс көлемінде шектеу шаралары қабылданған күннен бастап ауданда да тәртіп күшейді. Ауданға кіріп-шығатын автомобиль жолдарында блок бекеттер қойылып, тұрғындардың қоғамдық орындар мен көшеде жүруіне түнгі сағат 23.00-ден таңғы 07-00-ге жүруі шектеледі. Тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар, олардың заттары, көлік құралдары тексеріледі. Бейбіт жиналыстар, ойын-сауық , спорттық және басқа бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
Сондай-ақ, азық-түлік дүкендері, дәріханалардың жұмыс уақыты сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс жасауына рұқсат. Кафе-барлар, мейрамханалар, гипер, супермаркеттердің, қоғамдық моншалар, сауналар, спорттық ұйымдар мен ойын-сауық орталықтарының қызметі уақыты да шектеледі. Қару жарақ, арнайы құралдар және алкогольдік өнімдердің сатылуына қатаң тыйым салынады. Әуежай, теміржол және автовокзалдарға кіруге де рұқсат болмай тұр.
Иә, соңғы кездегі бүлікшілік пен лаңкестік топтың салдарынан қаншама қазақтың қаракөздері қапыда қан төкті. Құқық қорғаушылар мен бейбіт тұрғындар мезгілсіз қаза тапты. Бұл қазақ халқы үшін ауыр қайғы, жалындаған жас, аптал азамат, қарлығаш қарындастан айырылған қандастар үшін қаралы күннің жарасы жазыла қоймасы анық. Елде тыныштық қалпына келе бастағанымен, ел ішіндегі тәртіпсіздік толық ауыздықталған жоқ. Президент қабылдаған шешіммен іске кіріскен күштік құрылымдар жедел әрекет етуде. Бейбіт күнді мақсат еткен халықтың тілеуі бір, ол – елдің амандығы, бейбіт күннің бірлігі. Сондықтан сын сағатта ел бірлікте болғаны дұрыс.
Егер тәртіп бұзған болсаңыз жазасыз қалмайсыз, ҚР ӘҚБтК 476-бабы бойынша айып тағылып, тиісті шаралар көріледі. Айта кететіні, төтенше жағдайға байланысты несие төлеу күні кешіктірілгенімен, банктер түсіністік танытанын мәлімдеді. Сондай-ақ, интернет желісі толық қол жетімсіз болмағандықтан, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы қаңтардың 5-і мен 19-ы аралығында «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесіндегі техникалық ақаудың орын алғаны туралы хаттамаға қол қойды. Онда қажеттілік туындаған жағдайда салық төлеушілер шот-фактураны қағаз түрінде рәсімдей алады. 2022 жылдың 19 қаңтарынан кейін бұндай шот-фактураны ақпараттық жүйеге 15 күнтізбелік күн ішінде енгізсе жеткілікті. Ол үшін ешқандай айыппұл санкциялары қолданылмайды делінген.




---
12 қаңтар 2022 ж. 262 0