№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қызылорда облысы бойынша 28 блок бекет қойылды

Қызылорда облысы бойынша 28 блок бекет қойылды



Қызылорда облысының полиция департаменті халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті жедел шараларды қабылдауда. Елімізде орын алған соңғы оқиғаларға байланысты 5-19 қаңтар аралығында елімізде төтенше жағдай режимі жарияланды. Төтенше жағдай кезінде  негізгі шаралар мен шектеулер бекітілді. 23-00-ден 7-00-ге дейін коменданттық  сағат енгізілді.
«Ішкі істер органдарына 381 адам жеткізілді, олардың әрқайсысының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Оның ішінде 43 адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп,ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының талаптарын бұзғаны үшін 31 азамат жауапқа тартылды.Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, бүлікке қатысқан 38 адам анықталып, УҰИ-на, оның ішінде Ұлттық ұланның сарбазын өлтірді деген күдікті қамауға алынды», – делінген полиция департаментінің таратқан ақпаратында.Полиция күштерімен банкоматтарды инкассациялау қамтамасыз етілуде.
Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қала көлемінде 5 блок бекет, ал 7 ауданда 23 блок бекет қойылды. Бұл бекеттерде тәулік бойы полиция қызметкерлерінің нарядтары, әскери қызметшілер кезекшілік етеді. Арнайы техникамен қамтамасыз етілген.
Қызылорда облысының полиция департаменті төтенше жағдай кезінде барлық азаматтарды енгізілген шектеу мен қоғамдық тәртіпті сақтауды сұрайды.
«Облыс аумағында енгізілген шектеулерге байланысты  Сіздерді тек аса қажеттілік болған жағдайда ғана үйлеріңізден шығуларыңызды сұраймыз! Шыққан жағдайда өздеріңізде жеке куәліктеріңіз болуы қажет. Алаңдатушылыққа бой алдырмай қауіпсіздік шараларын сақтап, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауларыңызды  сұраймыз», – делінген хабарламада.
11 қаңтар 2022 ж. 394 0