Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» Жаңа жылдық достық әзіл: Үмбет Әбибуллаевқа!

Жаңа жылдық достық әзіл: Үмбет Әбибуллаевқа!


Жаңақорған кенті, А.Аюпов көше комитеті төрағасы Үмбет Әбибуллаевқа!


Ұстаздықтан биік қойған өнерді,
Туған жерде ізің жатыр кемелді.
Артық көрген ат басындай алтыннан,
Қара тастан мүсін соқтың бедерлі.

Көкіректе идеяң көп тасыған,
Көпшілік боп құлақ қойса осыған.
Жайсаң жандар елге пайда әкелер,
Ақ пейілді серік еткен жасынан.

Ақ тер, көк тер әуре болар несіне,
Таразылар әркімді өмір базары.
Әрбір талант туған жердің төсіне,
Өз есімін өзі ойып жазады!

Баян ҮСЕЙІНОВА
---
01 қаңтар 2022 ж. 364 0