№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Сана тазармай, кент тазармайды

Сана тазармай, кент тазармайды


Көше комитеттерімен бірлескен іс-қимылдар кент тазалығына көрікті келбет беретінін ағарту саласының ардагері А.Аюпов көше комитеті төрағасы Үмбет Әбибуллаевпен болған әңгімемізде терең бағамдадық. Ол былай дейді:
– Өткен жылы жолымыз түсіп, жанымда Дулат інім бар, Ташкентке сапарладық. Таксист өзбек жігітіне: «Ташкенттің тәуір жерлерін көрсет, көрмелер мен музейлерге, басқа да көрнекі жерлерді аралатып шық, кешкі беске дейін кеден бекетіне қайта жеткіз», – деп келістік.
Ала тақиялы ағайын өте сыпайы халық. Әдептілігі сондай, машинаның есігін ашып ізет көрсетті. Сарыағаш пен Ташкент қаласының арасы 20 шақырымдай болса керек. Жолдың екі жағы самсаған жасыл ағаш, ашық жер табу қиын, атам заманнан отырықшылық салтын ұстанғаны көрініп-ақ тұр. Аздан соң махалланың шетіне іліктік. Тұрғын жайлар ғана емес арасында мектеп, бала бақша, басқа да түрлі мекемелер айналасында қара құра адам су сеуіп, ауланы сыпырып жатыр екен.
Өзбек жігіттен: – Күнде осылай ма, әлде бүгін демалыс болғасын тазалап жатыр ма?- деп сұрап едім, – Жоқ. Біз күнде елең-алаңда аула сыпырамыз. Мекемелерге тапсырма беріп қойған. Ал, жеке үйлердің келіндерінің күн де су сеуіп сыпыру міндетті жұмысы болып қалыптасқан. Ата дәстүрімізде, жаңадан түскен келін 40 күн оң жағындағы және сол жағындағы көршісінің есігінің алдына дейін өзінің үйімен қосып тазаласа, құт келеді деген ырым бар. Бұл міндетін өзінен кейінгі келін түскенге дейін атқара береді, – деп түсіндірді ол. 
 Иә, өзбек ағайындардың өнегесі бізге де үлгі болса керек. Сәт сайын әлеуметтік желіде кенттің тазалығына байланысты сыни пікірлер айтылып жүр. Көрген көзде жазық жоқ, түйіткілді көріністерді сын садағына ілуден газетіміз де бір жаңылған емес. Бірақ нәтиже жоқ. Неге? Бұған кінәлі кім?
Кімнің болсын кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткішінің бірі – тазалық десек,  осы өзекті мәселеге бей-жай қарап күнделікті тұрмыста пайдаланғаннан артылған зат қалдықтарын кез-келген жерге тастай салатын тұрғындар қатары көбеймесе азайып жатқан жоқ. Кенттің көркі мен санитарлық жағдайы – маңызды мәселелердің бірі. Осы орайда айнала тазалығына орасан зиян келтірушілердің босаған құтыларын көліктің терезесінен лақтырудан тайынбаса енді бірі үйіндегі қоқысын көшеге шашып тастаудан айылын жияр емес.
Тазалық мәселесін таусыла айтқан кент әкімі орынбасары Серік Сейдуалиев:
– Жаңақорған кенті мен бекеттердің үстін кесіп өтетін шойынжол айналасы да қоқырсып жататыны қынжылтады.  Бұл жағалау күн сайын тазартылмаса да айына екі мәрте қоғамдық тазалықшылардың қолынан өтеді.
Кент тазалығына әрбіріміз жауап­тымыз. Жиналған қоқыс қалдықтарын тасымалдауды «Нұр Шах» ЖШС-і өз мойнына алған. Тұрғындар мекемемен келісім-шартқа отырып, әрбір жан басына шаққанда айына 67 теңгеден төлеп, аптасына бір рет алып кететін болып уағдаласқан. Алайда биылдан бастап әр отбасыға 500 бен 1000 теңгеге көтерілді. Бір көшеде 30 тұрғын келісім-шартқа бірігіп отырса, онда 500 теңге деп белгіленген. Тұрғындары бұдан көп көшелерге 200 теңгеге келісуге болады. Бірақ тұрғындардың көбі келісімге шартқа отырмаса да көшеге қоқыстарын шығарып тастайды. Оны қаңғыған жануар рәсуа етіп жайратып кетерін көріп жүрміз. Бұл қылығымыз қоғамға жаны ашымаштықты айқындап тұр. Бұл жөнінде кент басшылығы көзге шұқып айтумен келеді. Өз әрекетіне ұялып, сыннан қорытынды шығарайын деген ағайын кем. Тұрғындардан тазалық мәселесіне салғырт қарамауын өтінеміз, – дейді.
Иә, Абай көшесін бойлай келе жатып, шойынжолдың айналасын қарасаң көз қорқады. Ұяласың. Өзіміз де жиі байқап жүргеніміздей, қаптаған қоқыстың негізгі бөлігі пластик пакеттер мен бөтелкелер, тамақ контейнерлері сынды қоршаған ортаға аса зияны қалдықтардан құралған. Олар өздігінен ыдырамайды, улы зат бөліп шығарады. Осы арқылы тірі ағзаға зиян келтіреді. Полимердің жануы тіптен зиян. Олардың құрамында 70-тен астам жоғары уытты әрі канцерогенді зат бар. Мұның біз тыныс алатын ауаға жайылуынан қаншалықты зардап шеге­тініміз айтпаса да түсінікті.
Әдетте, әкімшілік құқық бұзушылыққа жүргізілген талдау бойынша құқық бұзушылықтың 80 пайызы темекі қалдықтарын, шекілдеуік қабықтарын, тұрмыстық қалдықтарды тастау сияқты қоғамдық орындарды ластаудан орын алады екен. Бұл жөнінде арнайы заң да бар. Алдымен ескерту жасайды. Кейін тағы қайталаса 5 айлық есептік айыппұл, үшінші рет қайталаса 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  айыппұл салынады екен.
Иманның жартысы тазалыққа мән беретін кез келді.
Сіз қандайсыз?
Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
05 қыркүйек 2021 ж. 218 0