№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Бюджет қаржысының бағын байлама!

Бюджет қаржысының бағын байлама!

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – бюджеттің орындалуы. Бұл өткір де, өзекті мәселе. Себебі қаржы жүрген жерде қауесет көп, дау даурығады, ел қазынасы көздің қарашығындай қорғалуы тиіс. Аудан әкімінің орынбасары Ердулла Сұлтанбековтың баяндамасы біршама жетістіктерді жариялады. Мысалы, 2021 жылдың 1 шілдесінде аудан бюджетінің шығыстары 100 пайызға орындалды. Республикалық бюджеттен есепті кезеңнің үнемдері 417 мың теңгені құрайды. Жергілікті бюджет қаржысынан барлығы 3 млн 67 мың теңге үнемделді.
Жаңақорған кенті көшелеріне су кіргізу жұмысын мердігер компания толық жүргізе алмауда. Міне, осы проблема кімді болса да ойланта түседі.

– Өздеріңіз білетіндей, Жаңақорған кентінің тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу сервистік желісін салу жұмыстарын аяқтауға Республикалық Ұлттық қордан 214 млн 885 мың теңге бөлінді. Алайда аудан әкімі осы қаржыға келісім шарт жасау мерзімі кешіктіріліп жатқанын сынға алды. Аталған мәселені тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі, Жаңақорған кенті әкімі бірлесіп жұмыс жасап, жыл соңына дейін аяқтауды тапсырамын.
Кент, ауылдық округтің әкімдері жоғарыда айтылған барлық қаржы­ларыңыз бойынша атқарылатын жұмыстарды мақсатына сәйкес толық, сапалы аяқтауға жауаптысыздар. Бірінші кезекте, сапа, одан кейін қаржы толық, мерзімінде игерілуі тиіс. Олай болмаған жағдайда тәртіптік жауаптылық мәсе­лесін қараймын, – деді Руслан Рүстемұлы.
Шыны керек, аудан басшысы бюджетті игеруге байланысты да жан-жақты дайындалыпты.
– Қаржы 100 пайыз игерілді. Дұрыс-ақ. Бірақ, бұл – игерілмеу қаупі бар қаржыны кейінгі айларға жылжытудың нәтижесінде болды ма? – деген сұрағы экономика, қаржы секторына жауапты басшыларды тығырыққа тірей түсті.
Руслан Рүстемұлының айтқаны өте орынды. Себебі игерілмеу қаупі бар қаржыны кейінге жылжыту тығырықтан шығатын жол емес. Жамалып-жамалып, соның салдарынан тоғыз айдың қорытындысында алдымыздан қайта шығатыны анық. Тоғызыншы айға дейін қаржы игерілсе жақсы ғой! Игерілмесе ше?..
– Биыл бекітілген бюджетте де, кейінгі нақтылау барысында да елді мекендердегі көше жолдарын орташа жөндеуге мол қаржы бөлінді. Кейінгі нақтылауды қоспағанның өзінде бірінші жартыжылдықта 615 млн теңге қаржы бөлінген, одан 469 млн теңгеге шарт жасалды. Бірақ 1 шілдеге қаржының игерілуі 22,4 пайыз ғана. Бюджет қаражатын тиімді жоспарлау, сапалы игеру атқарушы билікке деген халықтың оң көзқарасын қалыптастырады. Қан­ша жылдан бері қайта-қайта көтеріліп жүрген мәселелерді шештік деп отырмыз. Алайда жұмыс кешіктірілуде. Халық қаржы бөлінгендігінен хабардар болған соң, ол жұмыстың тез біткенін қалайды. Әлеуметтік желі белсенділерінің осы турасындағы ойларын оңай табуға болады. Өйткені кент тұрғындары менің жазған посттарыма өз пікірлерін жазып жатады. «Біз жасап жатырмыз» деп айтамыз. Бірақ тұрғындар басталған жоқтығын уәж етеді. Міне, бұл сұрақтардың жауабы осы!
Біз қаржыны береміз, бірақ мем­лекеттік сатып алу конкурсын ұйым­дастыру және қаржының мерзімінде игерілуін қадағалау жағы тым әлсіз. Неліктен? Себебі біреу: мемлекеттік сатып алу мен қаржы бөлімінің тиісті салалармен өзара байланысы жоқ, жұмыста мәміле кем, үйлесімсіз.
Оразбеков жолдас, қаржыны кейінгі айларға ауыстыруды тоқтатыңыз. Өйткені бағдарлама әкімшілерінің ойында бірінші кезекте қаржы бөлі­міне барсақ, қаржыны кейінгі айларға ауыстырып береді деген ұғым қалып­тасқан. Бұл өз кезегінде аудан бюджетін нақтылауға кері әсерін тигізеді. Сондықтан сол үдеден шығу үшін жұмыс мерзімінде атқарылуы тиіс.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Төменарық пен Жаманбай батыр ауылдық округіндегі 10 көшені орташа жөндеуге 160 млн теңге, облыстық бюджеттен Қожакент пен Манаптың 6 көшесін орташа жөндеуге 94 млн теңге, басқа ауылдық округтердегі көшелерді орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 687 млн теңге қаржы бөлінді. Біз көше құрылысына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлеміз. Алайда бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануға келгенде кері тартпа әдет бар. Не қаржы игеру жүзеге аспайды, не көше жөндеу сапасыз атқарылады, не мердігерлер арасында түсінбеушілік туындайды. Әйтеуір бір олқылық бұралаңдап тұрады. Қазір есептің заманы, бір тиын шет кетпейді, бір анығы,бөлінген қаржыны толық игерсек, ауданның елді мекендеріндегі жолдардың қанағаттанарлық деңгейі 51 пайызға артады. Міне, халыққа атқарушы биліктің жұмысын көрсететін көрсеткіш, түпкі нәтиже! Мұндай жұмыстарды кешіктіруге жол берген кент, ауылдық округ әкімдерінің тәртіптік жауапкершілігін қараймын. Мұны 5 тамызға дейін жазбаша хабарлауды тапсырамын, – деді аудан басшысы.

Қаныбек Абдуов,
Нұрлат Байгенже
---
03 тамыз 2021 ж. 512 0