№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құрылыс сапасы – басты назарда

Құрылыс сапасы – басты назарда

Қыркүйек айының басында облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов ауданға арнайы іс-сапармен келіп, құрылыс нысандарының сапасына мән берген еді. МАИ бекеті аумағында орналасқан 300 орындық мектеп пен Б.Байкенжеев көшесіндегі №169 мектептің 600 орындық жаңа ғимаратында болып, мердігер компанияның басшыларына желтоқсан айына дейін мектептің шатырын жабуды тапсырған-ды. Кеше Серік Жүсіпұлы ауданға қайта келіп, атқарылған істерді саралады. Делегация құрамында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының міндетін атқарушы Руслан Нұрмағанбетов, аудан әкімі Руслан Рүстемов және «Арал» СЖКБД филиалы директорының орынбасары Ерлан Ақпаев бар.
Алдымен Шалхия кентіндегі 150 орын­дық клуб үйінің құрылысын көр­ді. Мердігер компания «Болашақ Девелопмент» ЖШС нысанды биыл пайдалануға беруі тиіс-тұғын. Алайда жыл басындағы карантинге байланысты 2021 жылға өтпелі нысанға қалдырылды.
Одан бөлек, МАИ бекетіндгі 300 орындық және №169 мектептің 600 орындық жаңа ғимаратына барды. Мердігер компания басшыларына тапсырманы толық орындауға, яғни шатарын жабуға міндетті екенін, берілген мерзім тым жақын екенін ескертті.
Серік Сүлейменов бастаған деле­гация кенті газдандыру және тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу сервистік желісінің қарқынымен танысты.
Әсіресе суландыру ісі аса маңызды болып тұр. Жаңақорған кентінің тұрғындары ұзақ жылдар күткен ауыз кешігіп жатыр. Мәселенің мәні мынада: 2020 жылы 24 сәуірінде мемлекеттік сатып алу конкурсында «Қазқұрылыс Сервис» ЖШС мердігер компания болып табылады. Алайда конкурсқа қатысқан екінші компания – «Көлсай Строй» ЖШС-нен арыз-шағым түседі. 2020 жылдың 3 маусымында Қызылорда облыстық мамандандырылған аудан­аралық экономикалық соты шағымды қарап, №4360-20-5-29/5015 санды анықтауымен 9 маусымнан бастап су жүргізу ісі тоқтайды. 2020 жылдың 10 қыркүйекте ауданарлық экономикалық сотының №4360-20-5-29180 санды шешімімен құрылыс жұмыстары қайта басталды. Енді қысқа уақытта бір жылдық жұмысты атқаруы тиіс.
Мердігер компания 194 шақырым су құбырының 70 шақырымын игерді. Қазір 54 адам 16 арнайы техникаға бөлініп, суландыру жүргізуде. Осы уақытқа дейін 1935 үйдің ауласына су кірді. Мұндай қарқынмен қалған үйлерге су кіргізуі қиын.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов пен аудан әкім Руслан Рүстемов құрылыс нысандарын аралап болғаннан кейін сала басшылары мен мердігер компания басшыларының басын қосып, техникалық кеңес өткізді.
Жиын барысында Шалхия кентіндегі бос қалған көпқабатты үйлерге тоқ­талды. Елді мекенде қаңырап қалған көпқабатты үйлерді күрделі жөндеуден өткізіп, баспанасыз жүрген азаматтарға берілсе деген ұсыныс айтылды. Тұр­ғын үйлерге су құбырын кіргізу сервистік желісінің қарқынын күшейту тапсырылды.
Жиын соныңда мердігер компания басшыларына әрбір құрылыс нысаны жіте бақылауда болатыны ескертілді.

Әсел РЗАЕВА
21 қараша 2020 ж. 688 0