№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Көп қолдауы қоғамды ілгері бастырады

Көп қолдауы қоғамды ілгері бастырады


Қоғамдық Кеңестер елдік мүддеге бағытталған нақты мәселелерді көтерудің ашық алаңы іспетті. Бұл жерде мақсат айқын, ой-пікір ашық, талқыланған мәселе мүмкіндігіне қарай заңдылыққа сәйкес келсе шешімін табады.


Жұма күні орталықтағы «Ордакент» сарайында өткен қоғамдық Кеңес отырысына өзгеше өң берген арнайы келген өкілдер, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері Ерұлан Өмірсеріков пен белгілі қаламгер Қаршыға Есімсейітованың елге сапары көп мүддесіне бағытталған күрмеулі мәселелердің басы-қасында жүрген жанашыр азаматтардың алдағы жұмысына нақтылы бағыт-бағдар нұсқауымен ерекшеленді. Жиынға аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ақылбек Жәнібеков модераторлық етті. Алғысөз алған Ерұлан Өмірсеріков өзінің көп ретте әлеуметтік қолдау шараларына көп көңіл бөлетініне, соның ішінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы механизмін жетілдіру­де тынбай жұмыс жүргізіп келе жатқанын, жастарды тұрғын үймен қамту қаржысының көлемін 12 млн-ға дейін арттырсақ ауылға өз еркімен баратын маман саны артады әрі олардың осы қаражаттың артылғанына қосымша кәсіппен айналысуға да қолы ұзарары, оның ішінде жас балалы болғандарға бала санына қарай қайтарым қаржыда жеңілдік болуы жас мамандардың ауылға баруына басымдық берумен қатар тұрақты және сенімді отбасын құрып, халық өсімінің сапалы көрсеткішіне негіз қалайтынын дәлелдеумен келе жатқанын жеткізді. Тағы бір көтеріп жүрген мәселесі, қоғамдық еңбекке ақы төлеу көлемі 150-200 мың теңгеге дейін арттырылуы керек. Көптеген ауылдардың қаңырап, халқының қалаға ағылуының астарында осындай еңбекке ақы төлеудегі әлеуметтік әділетсіздіктердің орын алғанын ортаға салған шешен жақын арада өзінің ауыл шаруашылығының білікті маманы ретінде «Бай ауыл» жобасын жасап талқылауға ұсынғанын, оның басты идеясы шаруалар бас біріктіріп ауызбіршілікте әрекет еткенде нәтижелі дамуға қол жеткізе алатынымызға көп назарын аударды. Одан әрі сөз алған Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Қаршыға Есімсейітова өзінің әдеби құндылықтар, руханият, тәлім-тәрбие мәселесі туралы ұдайы көтеріп жүрген тақырыптары жөнінде баяндап, ұлттық идеология тұрғысында ақсап тұрған жағдайыымызды жан-жақты демеп, жарқын бағытқа бастау жолында елдегі көкірек көзі ашық зиялы қауым өкілдеріне артылар міндет жүгінің салмағы жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды. Егемендігімізбен бірге жан-жаққа жан жүрегімізді де ашып тастаған қоғамда өзге елдердің құқықтық құндылықтары да елімізге баса көктеп кіріп заңдық жүйемізді құрықтауға көшкенін, соның бір дәлелі отбасылық зорлық-зомбылыққа жол бермеу деген желеумен жасөспірімнің өз ата-анасының үстінен шағымданып, арыздануын заңдастыратын бап­тың әзірленіп қабылданып кете жаздағанын жаны күйзеле отырып жеткізді. Халқымыздың салт-дәс­түрімен сабақтас, сапалы ұлт негізін қалыптастыруға бағытталған Ата заңын бұрмалау біздің болмысымызға балта шапқанмен бірдей. Осы бағытта ел зиялылары қоғамдағы әр мәселеге жіті көзқарас танытып, ұлт тәрбиесіне ұлағатты із қалдырып отыру керек деген ойын ортаға салды. Одан әрі жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтар мен ұсыныстары бойынша өзара пікір алмасты.
---
20 мамыр 2021 ж. 250 0