№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Инклюзивті оқыту маңызды

Инклюзивті оқыту маңызды


Жақында аудан әкімдігінде облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен жиын өтті. Алқалы басқосуда Жаңақорған ауданы бойынша жергілікті автомобиль жолдарының жайы және оны жақсарту шаралары, екіншісі кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау жөнінде кеңінен талқыланды.

Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков:
– Инклюзивті оқыту жүйесін қажет ететін бала саны – 563. Оның ішінде мектепке дейінгі жастағысы – 56, мектеп жасындағы бала саны – 507-ні құрайды. Олардың ішінде 131-і жалпы мектеп партасында болса, 145-і үйден оқиды. Әлеуметтік көмекке мұқтаж деп танылған 104 бала тиісті көмекпен қамтылған. 13 жасқа дейінгі 187 бала әлеуметтік және медициналық-психологиялық көмекке мұқтаждығы жөнінде есепке алынса, оның ішінде 42 бала логопед, психолог мамандарын керек ететіні жөнінде тіркелген. 2019 жылдың 8 айында «Талсуат» оңалту орталығына мүмкіндігі шектеулі 48 бала жіберілді. Есепке алынған барлық мүмкіндігі шектеулі балалар тегін дәрі-дәрмекпен қажеттілігіне орай толығымен қамтамасыз етіліп отыр», – деді хабарламасында.
Оның сөзінше, ауданда сапалы білімге қол жеткізу мақсатында білім беретін мектептерде оқытуға рұқсат етілген мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивті оқыту жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Мұндай жүйемен оқыту 16 мектепте ұйымдастырылды. Бұл процентке шаққанда 39,2 процентті құрайды. Ендігі мақсат аталған мәселенің үлесін 2020 жылға қарай 70 процентке жеткізу жоспарланғандығын айтты.
Сонымен қатар көзі көрмейтін немесе нашар көретін балалар мен ақыл ой бұзылыстары бар балалардың арнайы оқулықпен қамтамасыз етілуі жөнінде мәселе қаралып, оған аудандық бюджеттен 1202,4 мың теңге оқулыққа бөлінгені айтылды. Аудандық білім бөлімінің үнемделген қаржысынан 13 мектепке дефектолог, 3 мектепке логопед кабинетін дайындауға, 25 644,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жарияланды. Осы жағдай іске асса 38 процент көлемінде мектеп толығымен жабдықталған кабинетпен қамтамасыз етіледі екен.
Облыстық мәслихат депутаттары өндірісті ауданның алдында күн тәртібінде тұрған мәселелерді қағазға түртіп алып, бұл бойынша тиісті жұмыстар жасалатынын айтты.

Лаура АЙДАРХАН
---
17 қыркүйек 2019 ж. 860 0