№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Сүттіқұдықтың тірлігі түзу

Сүттіқұдықтың тірлігі түзу

Аудан әкімінің онлайн есеп беру кездесуі Сүттіқұдық ауылдық округімен тәмамдалды. Сайын даланың төсінде сан ғасырдың сырын бүккен Сүттіқұдық ауылының тірлігі түзу, әсіресе кәсіпкерлік саласында серпін бар. Былтыр тұрғындар тарапынан көтерілген екі ұсыныс болса, олар қалай шешімін тапты, биылғы меже қандай? Аудан әкімінің есеп беру кездесуінде біз осы сауалдарға мән бердік.
Бірінші ұсыныс, елді мекендегі аяқ су мәселесі болды, биыл «Шілдекі» каналына секундына 500 литр су айдайтын 2 дана дизельді насос қондырғысын сатып алуға облыстық бюджеттен 19,2 млн теңге қаралған. Одан бөлек өткен жылы бастау алған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының Сүттіқұдық ауылының маңынан және ауылға кіреберіс жолдың екі жақ бетінен жаңадан 800 гектар жерді аяқ сумен қамтамасыз етуге 8 дана ұңғыма (скважина) қазу және электр желілерін тарту үшін жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге және сараптамадан өткізуге аудандық бюджет есебінен 9,6 млн тенге бөлінді. Жоба сметалық құжаттар дайындалды. Енді мемлекеттік сараптамадан өткізуге қаржы бөлеміз. Сараптаманың қорытындысы алынған соң жұмысына облыстық бюджеттен қаржы сұралатын болады. Аудан әкімі Руслан Рүстемов осылай мәселенің мәнін ашып, жауабын берді.
– Осы уақытқа дейін ауылдағы 1954 жылы салынған клубтарыңыз мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында салынады деп жоспарланған. Алайда аталған бағдарлама басымдықтан алынып тасталды. Алдағы уақыттарда қаржылық мүмкіндікке қарай жұмыс жасалатын болады. Өткен жылы Мақатаев көшесіне күн сәулесінен қуат алатын 30 дана жарық шамдар алып орнату үшін аудандық бюджеттен 1,3 млн теңге қаржы бөлінді, – деді аудан басшысы.
2021 жылы аудандық бюджеттен 1 дана (КТПН-160/10-0,4кВ) трансформатор алуға 1,7 млн, Торғаев көшесін орташа жөндеуге 16 млн, Алтынсарин, Сапарбаев көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салуға 7,5 млн теңге бөлінген.
Сүттіқұдық елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жоба сметалық құжат дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 6,6 млн. теңге қаралған. Жалпы ауылдағы алдағы уақыттың еншісінде атқарылар жұмыс осылай жүйеленді, қалғаны уақыт еншісінде.
26 кент және ауылдық округ тұрғындарының алдында онлайн есеп берген аудан әкімі Руслан Рүстемұлы биылғы межені айқындап, көтерілген мәселелердің тарқатылуын осылай түйіндеді.
---
03 ақпан 2021 ж. 466 0