№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Қожамбердінің қуаты

Қожамбердінің қуаты


Жаңақорған кентінен солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан қойнауы құтты, тарихы тағылымды елді мекен – Қожамберді ауылы. Тарихи жер, ауылдық округ төңірегінде Баршынкент, Көккесене секілді тарихи қисса-дастанда кездесетін белгілі орындар бар. Осынау қасиетті мекенде атқарылып жатқан істер аз емес. Оны аудан әкімінің халық алдындағы есебінен естідік.
Онлайн есеп беру барысында Қожамбердіде өзекті мәселелер шешімі тапқаны белгілі болды. Өткен жылғы есепті кездесуде, облыс әкімінің іссапары барысында көтерілген елді мекеннің аяқ сумен қамтылуына байланысты биылғы жылы мәселе шешілді. Облыстық бюджеттен Қожамберді ауылын толықтай аяқ сумен қамтамасыз ету үшін М-2 каналын тазалау және көтеру жұмыстарына 96,6 млн. теңге, секундына 500 литр су айдайтын 2 дана дизельді насос қондырғысын сатып алуға 19,2 млн теңге, барлығы: 115,7 млн теңге қаралды.
Қожамберді елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жоба сметалық құжат дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 5,8 млн. теңге бөлінген. Ал, өткен жылдың соңында аудандық бюд­жеттен 1,1 млн. теңге қаралып, Тойлыбек көшесіне күннен қуат алатын жарық шамдары орнатылды.
– 2021 жылы аудандық бюд­жеттен Жантілесов және Қалкөз көшелерін орташа жөндеуге 13,4 млн тренажер (жаттығу) алаңын орнатуға 5 млн Шадиков көшесін абаттан­ды­руға 2,1 млн барлығы: 20,5 млн. теңге бөлініп отыр, – деді аудан басшысы.
Ауыл тұрғындарының негізгі еңбек көзі мал шаруашылығы, төрт түлігін түгендеп, мал басын көбейтуде қожамберділік ағайын еңбек етіп келеді. Биыл атқарылар жұмыс жүйелі, егін шаруасын ширату үшін егіс көлемін арттыру басты меже.
---
03 ақпан 2021 ж. 480 0