Ауыл – алтын тамыр, оны гүлдендіру – асыл міндет
Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемовтың елді мекендерге алғашқы жұмыс сапары сейсенбі күні басталды. Сыр беткейдегі Көктөбеден Өзгентке дейінгі жеті ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты. Араға бір күн салып тағы да ауылдарға асықты. Бұл жолы – Байкенже, Жаңарық, Қыркеңсе, Машбек, Кейден, Шалқия, Жайылма ауылдық округіне арнайы барып, жұртты толғандыратын мәселелерді білді. Делегация құрамында аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Ілиясов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов білген-көргендерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін ортаға салды.
АЛЫСТАҒЫ АУЫЛДАРДЫҢ АРМАНЫ...
Алдымен әкім жүз шақырым қашықта орналасқан Көктебе ауылдық округінің тұрғындарымен дидарласып, оларды толғандырған мәселеге маңыз қойды.
– Жаңақорғанда бұған дейін қызмет істегендіктен ауданның потенциалын жақсы білемін. Дегенмен уақыттың өз шақыруы, өз талап-міндеттері болады. Осындай қажеттіліктерді анықтап, оларды кезең-кезеңімен жүзеге асырудың жолдарын анықтау керек. Сондай-ақ елді мекендердің әлеуеті мен мүмкіндіктерін саралап, дұрыс бағытты бағдарлау маңызды. Бүгінгі сапардың мақсаты осы.
Биыл Көктөбедегі мектеп «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөнделуде. Оған 54 млн. теңге қаралды. Енді бюджеттің қаржысын тиімді пайдаланып, құрылыстың сапалы бітуі үшін қоғамдық бақылауды күшейту қажет... – деді Руслан Рүстемұлы.
Көктөбеліктердің атынан сөз алған Сапархан Тұтқабаев пен Арыстан Бектасов ауыз су мәселесінің өзекті екенін, Түркістан облысының шаруа қожалықтары елді мекен аумағында мал ұстау салдарынан жайылымдық жерлердің тарыла бастағанын алға тартты. Ең басты қажеттілік – жоғары жылдамдықты интернет екені белгілі болды.
– Қандөз ауылдық округіне интернет желісі келіп тұр. Соны тезірек Көктөбеге жеткізіп берсе дейміз. Интернеттің жоқтығынан аудан орталығымен байланысып, хат алмасуға кері әсерін тигізуде, – деді ауыл әкімі Боран Абуов.
Көктебеліктердің сапалы өмір сүруіне қажетті мәселелерді білген аудан басшысы Руслан Рүстемұлы:
– Ауылдық округтерді аралап жүргеніміздің басты себебі – жұртты толғандыратын қажеттіліктерді білу және оның маңызын саралау еді. Шүкір, елдің әлеуметтік жағдайы дұрысталып келеді. Тіршілік болғандықтан әр уақыттың өз міндеттері, өз мәселелері болады. Оны ұтымды ұйымдастыру арқылы тетігін табамыз. Жалпы аудандық бюджеттің мүмкіндіктерімен барлық мәселені бір сәтте шешу қиын. Жүйелі жоспарлап, мемлекеттік бағдарламаларды ұтымды үйлестіру арқылы мәселелерді маңызына, басымдығына қарай жүзеге асырамыз... – деді.
Одан кейін Қандөз ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Еркін форматта өрбіген басқосуда Өмірбек Жайықбаев бірқатар мәселені шешіп беруді ұсынды.
– Әр ауылдың көркін басты көшесі айшықтап, аша түседі. Жаңақорған кентіндегі Хорасан ата, Аманкелді көшесін кеңейтіп, жаңғырту ісі қолға алынғаны қуантты. Біздің ауылдың орталық көшесін (Нәзір Төреқұлов көшесі) де асфальттап, жарықтандыратын уақыт келді. Екіншіден, Қандөздегі ең күрделі мәселе – электр жарығы. Үшіншіден, ауыз су мәселесін шешу маңызды. Сосын Қалғансыр мен Қандөзді байланыстыратын 10 шақырымдық жолға қиыршық тас төсеу керек.
Әкімдердің есептік кездесуінде осы мәселелер талай рет айтылды да. Бірақ шешілді дей алмаймыз, – деді ел ағасы.
Ақсақалдың өтініш-тілегін күнделігіне түртіп алған әкім электр жарығына байланысты мәселенің мән-жайын Жаңақорған аудандық электр торабының басшысы Шалқар Рахышевтен сұрады.
– ХХ ғасырдың 70-80 жылдары салынған электр желісі ескірген. Оның бір себебі осы. Транформаторларды жаңалау да маңызды шаруа. Бұл бағытта жергілікті әкімдермен бірлесіп, кезең-кезеңімен шешіп келеміз. Инфрақұрылым жүргізілмеген жерде тұрғындар үйіне өздері электр тогын тартып алғаны бар. Соның салдарынан жарық әлсіз болады. Соны талапқа сай жаңалау керек, – деп жауап қатты электр жарығына жауапты маман.
Ал Қаратөбе, Келінтөбе ауылдық округінде сапалы өмір сүруге қажетті мәселелері ортақ. Яғни интернет, көпір, жол, спорт кешенін салу, аяқ және ауыз суды біржақты шешу керек. Мұны ел ағасы Зұлпыхар Өтебеков пен Керімхан Егізбаев жеткізді.
Дегенмен ең өзектілерін тарқатып айтар болсақ, магистралды каналға қойылған көпірді жаңалау уақыт күттірмейтін мәселе екені анық. Егер көпір болмаса қос ауылдың халқы табыс көзінен айырылады. Әсіресе қаратөбеліктер көпірдің жарамсыз күйде екенін айтып, соңы тезірек қалпына келтіруді өтініш етті. Аудандық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Құлмағанбет Исахановтың сөзінше, көпір ауыр көліктерді өткізуге қауқарсыз. Қазір жеңіл көліктер өтіп, ауылшаруашылық өнім түрлері жеткізеді. Сосын каналдың бергі бетінде жүк көліктеріне тиеледі. Бұл – ауыл тұрғындарына қолайсыздық әкелуде. Ал гидротехник маман Әбдіжаппар Құдайбергенов: «Облыс басшыларына Сумағар каналының маңызын түсіндіре жүріп, оны жөндеуге қол жеткізген едік. Алайда каналды тазалау, қайта қазу ісі өз деңгейінде жүргізіліп жатқан жоқ. Осыны бақалауға мән беруіңізді сұраймын. Бұл жоба аяқталса Сыр беткейдегі ауылдарды аяқ сумен қамтамасыз ету шешілетін еді», – деп уәжін жеткізді.
Сондай-ақ, Келінтөбеде ауыл әкімдігіне жаңа ғимараттың қажеттілігі сөз болды. «Құралай» балабақшасының ішкі қабырғаларының жарамсыздана түскені, Жаңақорған-Көктебе жолының Келінтөбе аумағындағы жолын тезірек бітіруге ықпал етуді сұрады келінтөбеліктер.
Әкім түстен кейін Аққорған, Қожакент, Өзгент ауылдық окруктерінде болды.
Түгіскент тіректі елді мекен. Соңғы жылдары ауылға қомақты инвестиция тартылып, оған екі мектеп, балабақша, спорт кешені, фельдшерлік-акушерлік пункт және т.б іске қосылды. Енді стритбол алаңы пайдалануға берілуге дайын тұр. Оның үстіне, ұзақ уақыт күткен клуб үйі жөнделуде. Дегенмен түгіскендіктердің айтары бар. Егіндікке ыза су шығып, жер жарамсыздануда. Оны шешу жолы бар. Ол – су қашыртқысын тазалау, кеңейту ісін қолға алу...
Ал Қожакенттегі жылы жүздесу әкім ісіне береке тілеумен басталды. Ауыл тұрғындарының атынан сөйлеген Ибрагим Баязитов пен Әсет Жиенқожаев бұған дейін де Руслан Рүстемовтің абыройлы еңбек етіп, елдің ыстық ықыласына бөленгенін айтып, ендігі уақытта да табысқа жете беруіне тілектестік білдірді. Кездесу барысында №168 мектепке қосалқы құрылыс жүргізу және ауыл әкімдігінің ғимаратын күрделі жөндеу мәселесі қозғалды.
Өзгент ауылдық округінің тұрғындары 1974 жылы пайдалануға берілген клуб үйінің орнына жаңасын салу және мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухамановтың аллеясын салуды ұсынды. Сосын аудан әкімі Өзгенттегі №224 мектепте жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысымен танысып, мердігер компания өкілдеріне жұмысты уақтылы бітіруді және сапалы атқаруды тапсырды.
СЫРДЫҢ АРҒЫ ЖАҒЫ,
БЕРГІ ЖАҒЫ
Бейсенбінің берекелі күні Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов Байкенже ауылдық округін бағытқа алды. Алдымен Билібай елді мекеніндегі №255 негізгі мектебіне барды. 1993 жылы пайдалануға берілген білім ордасында спорт зал, асхана қаралмаған. Осыған байланысты қосалқы құрылыс жүргізуге сұранып тұр. Бұл жөнінде аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Орман Ахметов түсіндірді.
Мектеп директоры Ғазиза Бөгентаева оқыту процесі жайында сөз етті. Сосын Байкенжедегі №193 мектеп ауласында ауыл тұрғындарымен дидарласты. Ел ағасы Балтай Серкінбайұлы: «90 орындық мектепке бала сыймайды. Осыған байланысты 150 орындық мектеп салынса деген үмітіміз бар», – деді. Ал ауыл әкімдігінің әлеуметтік қызметкері Айсұлу Қалдыбаеваның айтуынша, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на қарасты уран компаниялары әлеуметтік жауапкершілікті өз деңгейінде сезінбей отырғанын және ауыл азаматтарын жұмысқа ала бермейтініне қынжылды.
– Алдағы уақытта уран компанияларына арнайы барамын. Оларға сіздердің өтініш-тілектеріңізді жеткіземін. Қажет болса ауылдың белсенді екі-үш азаматын ертіп барамын. Уәждеріңізді сол кезде айтып, оның шешілу жолын іздейміз, – деді аудан басшысы Руслан Рүстемұлы.
Келесі кезекте әкім Жаңарық пен Қыркеңсе елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Екі ауылда да берекелі істер аз емес. Қазір диқандар күрішті ысырапсыз жинауға мән берген кез. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында спорт кешендері бой көтерді. Енді іске қосылатын уақытын күтіп тұр. Дегенмен қос ауыл тұрғындарының айтары бар. Мәселен, ауыл маңын ыза су басуда, жайылымдық жер тарыла бастаған, ауыз су күніне екі сағат ғана беріледі. Жаңақорған-Көктөбе автомобиль жолының Жаңарық тұсындағы апаттық көпірді тездетіп бітіру керек. Осындай қажеттіліктерді шешіп беруін сұрады ел ағалары Мәжит Тажимов, Әбсаттар Мырзабаев.
Түске дейінгі соңғы аумақ – Машбек ауылдық округі болды. Бұл ауылдың аты мәшһүр. Қазақстаннан бөлек алыс-жақын шет елдер жақсы біледі. Қалай дейсіз бе? Жылда Еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған халықаралық турнир жалауын көтереді. Оған арысы Моңғолия, Ресей, Грузия, берісі Қырғызстан, Өзбекстанның апайтөс балуандары келіп, қазақ күресінен үздік балуанды анықтап жүр. Енді осы ауылда спорт кешенін салу сұранып тұр.
Ауыл ақсақалы Серікбай Сұлтанов, Әлімхан Құрманбеков жайылымдық жердің тарылғанын және ауыз су мәселесін қозғады. Ең бастысы мәселе – ыза су көтеріліп, бау-бақша қурап қалуда. Сондықтан су қашыртпасын тазалау кезек күттірмейтін іс екені сөз болды.
Аудан әкімі Руслан Рүстемовтың бейсенбі күнгі сапары түстен кейін Кейден, Жайылма ауылдық округі мен Шалхия кентінде жалғасты.
Елді мекендердің мәселелері ортақ. Ол – ауыз және аяқ суға қажеттілік бар, сосын интернеттің уақыт талабына сай еместігі шындық. Әкім сапарындағы 12-ші ауылдық округ – Кейденде осыған қаныға түстік. Мұны аққұмдық ақсақал Тілеухан Мүслимов те растай түсті.
Соңғы жылдары Аққұмға көптеп инвестиция құйылды. Яғни мектеп бой көтерді, мешіт салынды, медициналық бекет пайдалануға берілді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолынан елді мекенге дейінгі 10 шақырымдық жолға қиыршық тас төселді. Ендігі тілек соңы асфальттаса.
Кейдендіктердің арман-тілегін жеткізген Оразәлі Әбжанов:
– Су – өмірдің нәрі. Су болмаса тіршілік болмайды. Сол себепті, ең басты қажеттілік ауыз және аяқ су. Осы мәселе қашан реттеледі, сол кезде жағдайымыз түзеле түседі. Ертеректе ауылға келетін аяқ су төрт насоспен айдалатын. Қазір бір насосқа қарап отырмыз. Егер ол бұзылса, ауыл аяқ сусыз қалады. Сондықтан қосалқы насос алудың маңызы зор, – деді.
Келесі кезекте Қаратау тауын тірек еткен Шалқия кентіне жол түсті. Онда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында №89 мектеп күрделі жөнделуде және клуб үйі салынуда. Кеншілер қонысында кезек күттірмейтін мәселелер де бар. Дегенмен мектеп жөнделіп, клуб үйі салынып жатқаны жүрекке медет береді.
Ауыл қариясы Махат Қошқаров: «Шүкір, ұзақ жылдар бойы сұрап жүрген мектебіміз жөнделіп, мәдениет ошағы бой көтермек. Бұған қуаныштымыз. Алайда шешімі табуы керек мәселелер де бар. Мәселен, Құттықожа мен Шалхияны жалғайтын 2 шақырымдық жол бар. Соңы жөндеп берсе жақсы болар еді. Сосын «Құттықожа» тоғанын жөндесе, сонда су жинап, оны аяқ су ретінде қолдануға әбден болады. Сонда Шалхиямыз көктеп, көгере түсер еді, – деген ойын жеткізді.
Күн ұясына бата бастаған мезгілде Жайылма ауылдық округіне іліндік. Бұл елді мекеннің тұрғындары еңбекқор. Бақша дақылын өндірумен аты шыққан. Жайылманың қарбызына Қазақстанның солтүстік аймақтары мен Ресейде сұраныс жоғары. Соның арқасында әлеуметтің әлеуеті артып, еңсе тіктеп келеді. Бірақ ел болғаннан кейін уақыттың талабына сай мәселелердің шығуы заңды. Ауыл ақсақалы Әбдімәлік Абуов соның бірнешеуін сөзге арқау етті. Типтік жобадағы клуб үйі және балабақша қажет.
Ауылдық округ тұрғындарының өтініш-тілегін мұқият тыңдап шыққан аудан басшысы Руслан Рүстемұлы:
– Біздің сапардың негізгі мәні – ауыл тұрғындарының қал-жағдайын біліп, оларды толғандыратын көкейкесті мәселелерді ашық талқылап, шешілу жолын іздеу.
Жалпы уақыт озып, адамдардың жайлы өмір сүру салты қалыптасқан сайын жаңа мәселелер алдымыздан шығады. Бұл – заңдылық. Біз мұның шешілу жолын табуымыз керек. Мәселен, мемлекеттік бағдармаларды ұтымды үйлестіріп, инновациялық жобаларды көптеп жүзеге асыруымыз тиіс. Әсіресе дайын өнімдерді өндіруге басымдық берген дұрыс. Біздің ауданның потенциялы мол. Оған жер жағдайы да, өндіріс орындары да жетеді, бәрінен бұрын, тұрғындардың еңбекқорлығы мен ізденгіштігі шешуші рөл атқаратыны анық...
Жаңақорған ауданындағы ең күрделі мәселе – ауыз су. Күні кеше осы мәселені шешуге байланысты кеңейтілген техникалық кеңес өткіздік. Оған тапсырыс берушілер, мердігер компания өкілдері, техникалық қадағалаушылар, авторлық бақылаушылардың басын қосып, ауыз суды үй-үйге кіргізудің, құрылыс нысандарын уақтылы әрі сапалы жүргізудің мән-жайын талқыладық. Жыл аяғына дейін мердігер компания 68 шақырым құбыр жүргізіп, 2000 обонентке ауыз су кіргізеді.
Одан бөлек, атқаратын істер көп. Мәселен, ауданда 5000 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Енді жобалық-сметалық құжаттардың ішкі мазмұнын арттырып, халыққа қажетті жобаларды қаржыландырып, ауыл-ауылдан тұрғын үй салуға мән береміз... – деп ойын қорытындылады.
Айта кететіні, аудан басшысы барған барлық елді мекеніндегі мектептердің және клуб үйлері мен спорт кешендерінің қысқа дайындығын білді және жұмыс барысымен танысты...
Ауданның бас менеджері әлі 12 ауылдық округтің тұрғындарымен жүздесіп, олардың ойларып біліп, нақты атқаратын бастамаларды саралайтын болады. Яғни жыл аяғына дейін жүйелі жоспарлау ісі қолға алынып, жаңа жылда тың істер басталады.
Әрине бәріне уақыт төреші. Біздің тілек – елдің игілігіне бағытталған бастамалар баянды болсын!
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.