ЖАЙДАРЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Мемлекет басшысы Қысым-Жомарт Тоқаев Жолдауында атқарушы билік халықпен қоғамдық диалог құрып, ашықтық пен жариялыққа жүгініп, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аударуды тапсырды.

Байкенже, Жаңарық ауылдық округінің тұрғындары мектеп салып беруді сұрады. Қыркеңсе ауылдық округіндегі мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жайы талқыланды. М.Нәлібаев ауылдық округінің тұрғындары ескі мектептің ғимаратын балабақшаға лайықтап жөндеу жұмыстарын жүргізіп беруді көтерді.
– Мәселерді зерделеп аудандық, облыстық деңгейде шешудің жолдарын қарастырамыз. Ауыл әкімдері қоғамдастық кеңес мүшелерімен ақылдасып, атқарылатын жұмыстарды маңызына қарай басымдығын айқындап, бізге ұсыну керек, – деді Сұлтан Ысқақұлы.
P.S.: Елді мекен тұрғындарының қажеттілігін айқындап, бірінші кезекте атқарылатын шаруаларды анықтауға бағытталған аудан әкімінің сапарын халық жақсы қабылдады.
Бұл жөніндегі толық ақпаратты газеттен ОҚИСЫЗДАР...