Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Мал басын асылдандыру: сапа басым ба, салғырттық па?

Мал басын асылдандыру: сапа басым ба, салғырттық па?

«Ауылшаруашылығы ел экономикасының драйверіне айналуы тиіс». Рухани жаңғыру бағдарламасындағы айтылған бір ауыз сөз бүгінгі күннің басты бағдарын айқындап, ел назарын ауылдың қарапайым тіршілігіне аударды. Қолда бар төрт түліктің жайын жасап, оның тұқымын асылдандыруға ерекше көңіл бөліне бастады. Мұны соңғы жылдарда инвестиция мен субсидияның көлемі артуы мен шаруақожалықтардың саны артуынан бағамдауға болады. Жаңақорғандағы мал шаруашылығын асылдандыру ісінің тынысы қалай? Шаруашылық карантин уақытында қалай табыс табуда? Мал басын асылдандыру ісін неден бастау керек? Осы іспетті сұраққа шаруа қожалық иелері мен жауапты мамандардан жауап алған едік.

«Есесі қайтпас еңбек жоқ». «Мал – баққандікі, пұл – тапқандікі». «Ер еңбегі елге ортақ». Қазақтың дәстүрлі сөз өнерінің тереңіне бойласақ, төрт түлікті кәсіп етудің мәні мен маңызы айтылады. Туған халқымыз ежелден-ақ, мал шаруашылығына бейім, әрі әр түліктің қасиетін ұққан. Ата дәстүрді жалғастырып, мал шаруашылығын отба­сылық кәсіпке айналдырып, табысын еселеп отырған жерлестеріміз көп-ақ. Оның ішінде мал басын асылдандырып, халықтың сұранысын қанағаттандырып жүрген шаруалардың ісі құрметтеуге лайық. Бұл бағытта еңбектенумен бірге іздену де өз алдына үлкен жауапкершілік жүктейді.
Алдымен, статистикалық мәліметті сөйлетер болсақ, 2020 жылдың 1 шілдеде мүйізді ірі қара 72 844 бас, қой 286 556 бас, ешкі 18 734 бас, жылқы 18 953 бас, түйе 1 797 бас, шошқа 60 бас, құс 21 881 басты ресми тіркелген. Пайызға шаққанда, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 102,8 пайызға, қой 109,2 пайызға, ешкі 90,2 пайыз, жылқы 116,1 пайызға, түйе 109,7 пайызға, құс 97,5 пайызға өскені байқалады. Бұл туралы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің орынбасары Бақыт Жексенбаев:
– Ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Шаруақожалық иелері мемлекеттен қолдау алғалы бері асылдандыру бағыты жедел дамып, шаруақожалықтың іргесі кеңіп, табысы ұлғаюда. Әрбір қожалықтағы асылтұқымды малдар­дың жай-күйі жіті бақылауда. Жем-шөбінің қоры мен өсім деңгейі есепке алынуда. Ауылда ветеринария маман­дарыжеткілікті, көп шаруашылық иеле­рінің жеке мамандары бар, – деді Бақыт Айтөреұлы.
Сондай-ақ, асылтұқымды малды қалай баптау керек? Оның күтімі қандай? Осы шаралар төңірегінде республикалық конференциялар өткізіліп, онда елге белгілі профессорлар дәріс өткізіп, пікір алмасып кәсіп көкжиегін кеңейте түскен. Мұны осы салаға бетбұрған кәсіпкерлердің қадамынан аңғардық. Ауданда асыл тұқымды малдың үлес салмағы мүйізді ірі қара 4,5 пайызы, уақ мал қойдың 43,0 пайызы асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарлары өсірі­луде. Оның ішінде, мүйізді ірі қараның ет бағытында өрбіптіп отырған шаруа­қожалықтар жетерлік. Мәслең, «Бақытжан» шаруақожалығында «Қазақ­тың ақбасы» атты сиыр тұқымы бар. «Қалмақ» породалық сиыры «Заман-Ата», «БекарысАгрофуд», «Ерлан» және «БарысАгро» шаруақо­жалық пен «Есимова» дара кәсіпкерлігінің негізгі бизнесіне айналды. Ал, «Әулие­көл» тұқымы «Жерказына» шаруа­­­қожалығында бапталса, американдық «Сантагертруда» парода­сы «Агро­техналогия» ЖШС-нің тұрақты табысы. Сондай-ақ, сүт бағы­тында «Әулиеата» мен «Қара-ала» сиырлары «Мырзабай», «Мырзалы» және «Абай» шаруақожалық бақташыларының күтімінде. Қойдың «Қаракөл» төлі «Ынтымақ» ЖШС, «Тұртан-Ата», «Бакытжан», «Шайык» шаруақожалығында көбейтілуде. Соң­ғы уақытта атакәсіпке де мән бері­ліп, дәстүрлі қазақ қойының сортарына қолдау берілуде. Осы ретте, «Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойын» «ЖанакорганАгросервис» ЖШС, «Көбел­дес» шаруақожалығы өсіруді қолға алды.
Жылқының «Жабы», «Мұғалжар», «Көшім» тұқымын көбейтіп, жылқы еті мен сүтін қатар өндіруді мақсат еткен «Бақытжан», «Бекарыс-С» шаруа­қожалық табысты еңбек ете бастады.
Осындай, тыңғылықты тіршіліктің арқасында ауданның мал шаруашылығы облыста көш бастап тұр. Деседе, базарда ет бағысы да, сүт бағасы да тұрақты емес. Әсіресе, кешегі карантин уақытында елдің аңсары ауған табиғи өнімдерге алып-сатарлар алуан баға ұсынуы халықтың шамына тигені рас. Осындай келеңсіздіке жол бермеу үшін Үкімет отырысында «ауылшаруашылығы өнімдерін шетелге сатуға және мүйізді ірі қаралардың аналығын сатуға шектеу қойылды. Мұның астарында, халық толықтай табиғи өнімді тұтынып, шетелден келген «арзан әрі беймәлім» ет пен сүттен алшақ болсын деген ізгі ниет жатқаны шындық.
Ғалымдар әлемді әбігерге салған індетке қарсы тұру үшін сапалы тамақ­танудың маңызын айтты. Оның ішінде жусан жеген малдың етінде ерекше қорғанысқа ие антидене барын дәлелдеді. Демек, біздің аудан осы кезеңде халыққа шипалы сусындар, пайдалы тағамдар, емдік-шаралар ұсынып, толайым табысқа жетуге мүмкіндігі мол. Бұл жөнінде «Бекарыс ауыл шаруашылығы жолы» серіктестігінің төрағасы Серік Мырзабаев:
– Бала жастан қозы бағып, мал шаруашылығының қыр-сырын үйрен­дім. «Жүйрік тұлпарым» болса деп армандайтынмын. Міне, бүгінде сол армандағыдай 600-700 бас жылқы баптап, оның ырзығын айырып отырмын. Тәубе, еңбегім еш кетпей, ел қатарлы күн көріп келеміз, – дейді кәсіпкер.
Серік Мырзабаевтың иелігінде 600-ден аса жылқы, 700-ге тарта сиыр, мыңнан аса қой, жүзге жуық түйе бар. Оның жыл бойы күтімі мен қажетті жем-шөбі, кірісі мен шығысын есептеу секілді шаруалар да жауапкершілік пен іскерлікті талап ететіні сөзсіз. Аудандағы ірі шаруақожалық «Бекарыс ауыл шаруашылығы жолы» серіктестігіне айран-сүт, қымыз-қымыран, құрт пен ірімшік сұраушылар қарасы толастаған емес.
– Ел басына күн туған сәтте қаншама науқас жандардың отбасына жәрдем көрсетіп, ауыл тұрғындарын қолдап, көпшілікке саумалын тегін үлестірді. Мұны нағыз елге жанашырлық дер едім. Ел ақшасына саумал таба алмай тұрған уақытта науқастарға саумал үлестіріп, қайырымды жан екенін байқатты, – деді Тұрысынай Жарқынқызы.
Осы іспетті қайырымдылық керуенін жалғастырғандар көп болды. Осыдай шаруашылықты қалай бастауға болады? Биылғы жылы осы бағытта қандай мемлекетттік көмек бар? Бұл туралы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі жағымды жағалығымен бөліскен еді.
– Биылғы жылы мал басын асыл­дандыру бағытында ерекше ережемен өрбуде. Бұрындары тек еркек малға ғана субсидия берілсе, биылғы талапта шет елден мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алу жоспары түзілді. Яғни, асыл тұқымды аналыққа мемлекеттік субсидия берілудің мүмкіндіктері қарастырылған, – деді ауылшаруашылығы бөлімінің орынбасыры Бақыт Айтөреұлы:
Сонымен, жыл басынан бері шет елден 208 бас асыл тұқымды «қалмақ» қашарлары сатып алынды. «Сыбаға» бағдарламасының игілігін көрген «Парадин» шаруақожалық 128 бас, 70,0 млн.теңге және ДК «Ерасыл» 80 бас, 45,0 млн.теңге қаражат көлемінде қолдау алып, кәсібін кеңейтті.
Айта кетерлігі, 2020 жылғы индикативтік жоспардың орындалуына келер болсақ, бұқашықтарды 1000 бастан басталатын бордақылау алаңы­на өткізу жоспары 2000 бас болса (жоба), бүгінгі күнде 1334 бас бұқашық өткізіп отыр. Бұл да болса, мал шаруашылығымен айналысып отырған жандарға үлкен көмегін тигізбек.
Оған қоса, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жандарды қолдау мақсатында арнайы өңірлік инвестициялық орталықтың мамандары тұрғындарға кәсіп игерудің қыр-сырын түсіндіреді. Мүлікті қалай кепілге қою керектігін, несие алудың алғышарттарын, кәсіпті заңдастырудың мәселерін үйретеді. Бұл «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлерді қолдаудың 2017-2021 жылға арналған бағдарламаның» аясында атқарылады.
Яғни, екі аттап, биге шығудың тамаша тәсілін игерген жаңақорғандық жерлестер игі мақсаттарына жетуде. «Тәуекел – істің жартысы» деген­дей кейбір тәуекелдігі жетпей жүр­ген жастардың жігеріне қамшы басып, атакәсіптің игілігін көруге талпындырғымыз келеді.

Мақпал ПАТЕНОВА
---
29 тамыз 2020 ж. 549 0