№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» Дала жұмысына дизель жеткілікті ме?

Дала жұмысына дизель жеткілікті ме?


Энергетика министрі Нұрлан Ноғайбаев көктемгі науқанда шаруалар жанар-жағармайдан тапшылық көрмейтінін айтты. Ал облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бейне-конференция арқылы аудан әкімдеріне дала жұмысына қарқын беріп, диқандарды қолдау керектігін міндеттеді.
Көктемгі дала жұмыстарында өте қажетті дизель отынының бағасы қандай? Жаңақорғандық диқандар оны қалай алады? Осы сұрақтарға жауап іздедік.
Биыл елде ауыл шаруашылығына 375 мың тонна дизель отыны бөлінсе, оның 3 мың тоннасы Жаңақорған ауданына бағытталады. Елдегі ірі үш дизель отынын дайындаушы –  Атырау мұнай зауытынан 79 мың тонна, Павлодардан 233 мың тонна, Шымкенттен 63 мың тонна беріледі.
Өзге өңірді қайдам, биыл біздің ауданда егін науқаны қарқынды. Диқандар соқа-саймандарын әзірлеп, жерді дайындап, жыртып, дән себуді бастады.
– Көктемгі дала жұмыстарына 3 мың тонна жанармай жеткізілді. Дизель бағасы 162 теңгеге бағалануда. Бүгінге дейін қордағы дизельдің тең жартысы сатылып, шаруаларға берілді. Дала жұмыстарына 135 трактор, 82 соқа, 42 дән сепкіш, 101 трактор тіркемесі іске жарамды. Бүгінгі таңда аудан бойынша 3650 гектар жаңа жоңышқа, 1100 гектар мақсары, 125 гектар жаздық бидай, 35 гектар жаздық арпа егу жоспарда бар, – деді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас аграномы Дәурен Абибуллаев.
Айта кететіні, дизель отыны біздің ауданда арзан бағада сатылуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта шаруа қожалықтарына қолдау көрсету қажеттігін айтып, көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармайды нарық бағасынан 15 процентке арзандатып, 165 теңгеге сатуды жүктелді. Қазір белгіленген шекті бағадан арзандатып, 162 теңгеге сатылуға мүмкіндік ашылды. Бас агрономның айтуынша, бұл аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың диқан қауымына жасаған қамқорлығы.
Қазір аудандағы шаруа қожалықтар жанармайды алып, қажетіне жаратуда. ««Түгіскен ТШ» ЖШС бас агрономы Манас Ибрагимов:
– Оңтүстік өңірде ауа райы ертерек жылиды ғой. Қазір диқандық кәсіпке әбден қолайлы шақ. Дизель де, тыңайтқыш та, ауылшаруашылық техникалар да сақадай сай тұр. Барлығы жоспар бойынша атқарылуда. Уақытты тиімді пайдалана білсек, ертең егініміз бітік шығатыны сөзсіз, – дейді.
Бірнеше шаруа қожалықтың басшысына хабарласып дизельден тапшылық жоқ екенін ұқтық.
Дала жұмыстарын сапалы жүргізуде дизель отынынан бөлек қаржылық тетіктердің шешімін табуы маңызды. Осыны ескерген, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 31 наурызда жасаған мәлімдемесінде мемлекет тарапынан фермерлерге қомақты қолдау көрсетілетінін атап, бұл мақсатта бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінетінін жеткізді. Қаражат шаруаларға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Оның үстемеақысы 5 проценттен аспайды. 

Мақпал МАРҚАБАЙ
---
01 мамыр 2020 ж. 494 0