Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ: БАҒА БАҚЫЛАУДА МА?

ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ: БАҒА БАҚЫЛАУДА МА?


Былтыр көктемгі егін және дала жұмыстарына 2285 тонна жанар жағармай бөлініп, әр литрі 142 теңгеден босатылған болатын. Бұл баға күзгі жиын-терім кезінде 164 теңгеге өсті. Ал, биылғы көктемгі егіске берілетін 1715 тонна дизель отыны 174 теңгеден сатылымда. Осыдан-ақ, шаруалардың алаңдаушылығын түсінуге болады. Мемлекет дизельді отынның бағасын еркін айналымға жібергеннен бері науқандық кезеңде баға тұрақсыз болуда. Бұл заңды құбылыс. Десе де, диқандар егін-жайды жанармаймен қамтамасыз етуде қиналмайды дейді сала мамандары. Сондықтан, дизель отынының жай-күйін бір сараптауды жөн көрдік.

Алдымен аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысы Тұрған Базарбаевқа жолықтық. Оның айтуынша, бүгінде мемлекет егінмен айналысатын шаруа қожалықтарына арзандатылған бағамен дизель отынын сатуды бастап кеткен. Жеңілдетілген бағадағы жанармайды «НефтьТрансҚызылорда» ЖШС-і жеткізіп беруші оператор ретінде жеңімпаз деп танылған. Мекеме бағаны нарықтағы бағадан бірнеше есе төмен сатылуда.
– «НефтьТрансҚызылорда» ЖШС биыл да дизель отынын мойнына алды. Бір қуантарлығы, олар жанармайды егіннің басына дейін жеткізіп береді. Сондықтан, шаруалар уақыт оздырмай келісім-шартқа отыра беруге болады, – деді сала басшысы.
Жауапты маман сумен де келісім-шартқа отыруды шаруалар тездетсе дейді.
Қазіргі таңда жанармай құю стансаларында бір литр дизель отынының құны 200 теңгеге жуықтады.
Күн сайын құбылып тұрған дизель отынының аудандағы бағасын білмекке аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінен мәлімет сұраттық. Сала маманы Қуаныш Жаңабековтың 15.03.2019 жылғы түзген мониторингін тарқатып айтсақ, «Sinoil» май құю бекетінде дизель отынының литірі 191 теңге болса, «ҚазМұнайГазӨнімдері» АҚ-да 191 теңгеден сатылуда. Ал, «Жаңақорған Ойл» ЖШС-і бекетінде – 190 теңгені көрсетіп тұр. Тек «Бейбарыс» дара кәсіпкері ғана 183 теңгеден сатуда. Бірқатар жанар-жағармай құю стансаларында дизель отыны жоқ. Жалпы, аудандағы жеке май құю бекеттеріндегі дизель отынының көлемі 80 тонна екен.
Шыны керек, жыл сайын көктемгі егіс науқаны мен күзгі жиын-терім маусымында жанар-жағар май тапшылығы не қымбатшылығы диқаншы қауымның қалтасына ауыр түсетіні белгілі. Енді аз-кем бағаға байланысты бір сараптап өтсек. Баға неге қымбат? Себебі, нарықта толыққанды бәсекелестік жоқ дейді сарапшы мамандар. Нарықта бәсекелестік қалыптасуы үшін басқа мемлекеттерден арзанырақ жанар-жағармай жеткізетін компаниялар бар, солардың қызметіне жүгінетін кез келді. Көп жағдайда бағаны Ресей нарығымен салыстырады. Олай болса, бағасы 6 есе арзан Түркіменстанмен салыстырып, жағармайды неге солардан алмаймыз? Сондықтан ауылшаруашылығын дамытуда шаруаларға қолжетімді бағада жанар-жағармайды жеткізудің жолын қарау керек секілді.

Әлібек ТЕМІРБЕК.
---
17 наурыз 2019 ж. 973 0