№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АРТЫҚ БІЛІМ – КІТАПТА

АРТЫҚ БІЛІМ – КІТАПТА

Абай Құнанбайұлынан «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», – деген нақыл қалған. Яғни, хакім Абай атамыздың өзі аманаттағанындай рухани азықтың бастау бұлағы болып табылатын кітаптың адам өміріндегі алар орны бөлек. Осыны ескерген аудандық орталықтандырылған кітапхана Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақстанда түрлі акциялар ұйымдастыды. Соның бірі – «Жастар таңдайды» жобасы.
Жастарды кітап оқуға шақырып, олардың оқу мәдениеті мен талғамын қалыптастыруға бағытталған шараның мақсаты – өскелең ұрпақты кітап оқуға ынталандырып, әдеби талғамын қалыптастыру және түрлі жанрдағы кітапты насихаттау. Жастар оқитын таңдаулы 100 оқулықты анықтау.
– Рухани жаңғыру үшін, өзгеру үшін, алға ұмтылу үшін білім керек. Ал, білімнің көзі – кітап. Осыны ескерген кітапханашылар облыстық кітапханамен бірлесіп, «Жастар таңдайды» жобасын ұйымдастырды. Жобаның мақсаты жоғары. Жастарды желіктіретін сайттардың жетегінен арылтып, оларға бүкіл білімнің көзі кітапта екенін түсіндіру. Сондай-ақ, бүгінгі жастардың қандай әдебиетке қызығушылығы басым екенін анықтап, сол оқулықтармен кітапхана қорын толықтыру, – дейді аудандық кітапхананың директоры Әсемгүл Тілеубергенова.
Ілкімді жобаның аясында бейнероликтер байқауы өтіп, олардың үздігі әлеуметтік желілерде жарияланды. Оқырмандар өздері сүйіп оқитын кітаптары туралы видеороликтер түсіріп, оны кітап сүйер замандастарына ұсыну мүмкіндігіне ие болды. Жоба барысында 162 жаңақорғандық оқырман видеоролик ұсынды. Кітап таңдауда жанры мен түріне шектеу қойылған жоқ. Кітап таңдау барысында өнер, философия, әдебиет пен поэзия, дін, тарих және бизнес жобаларын іске асыру жөніндегі оқулықтар көп сұраныс тудырды. Ал, көркем шығармадан Әзілхан Нұршайықов, Мұқағали Мақатаев, Бердібек Соқпақбаев, Мұхтар Әуезов пен Зейнеп Ахметовалардың кітаптары үлкен сұранысқа ие болды.
Кітапхана мен оқырманды, кітап пен жастарды байланыстыратын жоба өскелең ұрпақты руханиятқа жетелеп, олардың бос уақытын ілім-білімге баулуды көздеді. Ақпараттық технологияның қарқын алған заманында бар мәлімет ғаламтор көздерінде таралғанымен оның ешқайсысы кітап беретін білімге парапар келе алмайтынын көпшілікке насихаттаған шара кітаптың білімнің көзі екенін тағы бір дәлелдей түсті. Өйткені, адамның жан дүниесі мен іштегі тебіренісін, оның өмірге деген көзқарасын кітаптан артық жеткізер құралдың жоқтығы анық. Демек, кітапты талғаммен оқып, оны түйсіну, алған білімді өмірде қолдану – әр адамның білігі мен білімін, пайым парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі.
Түйін. Әр елдің рухани мәдениеті кітаптан бастау алары анық. Өйткені, руханияттың қайнар көзі, тәрбиенің негізі, өткенді өшірмейтін тарихтың тағылымы кітапта. Ал, кітапты серігіне айналдырып, жарқын болашағын біліммен байланыстырған жастары бар елдің ертеңі жарқын болары даусыз.
Айсұлу АЛДАНАЗАР.
25 тамыз 2018 ж. 15 949 0