№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАЛПЫНСА МӘСКЕУ ДЕ АЛЫС ЕМЕС

ТАЛПЫНСА МӘСКЕУ ДЕ АЛЫС ЕМЕС

 Газеттің №82 (8203) нөмірінде Сыр өңірінің жур­налистерімен бірге Мәскеуге барып-қайтқаным туралы жазылды... Біз мегаполистегі уақыт тапшылығына қарамастан сонда білім алатын қызылордалық жастармен жүздестік.
Кездесуге келгендер арасында Қызылорда қа­ласының жастары басым болды. Қазалықтар мен аралдықтардың қатары аз болмады. Қармақшы мен Жалағаштың жастарынан төрт-бесеуден табылды.
Аудан-ауданнан барған тілшілер жерлестерімен кез­десіп, мәре-сәре әңгіме құрып, ауыл-аймақтың жаңалығын, ағайынның амандық-саулығын сұрап жат­ты.
ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð¼ÐСÐÐÐ
Жалғыз қалдым. Сананы Жаңақорғанның жастары жоқ-ау деген ой тұмшалады.
Е-е-е, біздегілердің таным-түсінігі белгілі ғой! Кө­біне ағайынгершілікті алға тартып... тәуекелге бел бумайтыны бар. Сондықтан Мәскеудің жоғары мектептеріне оқуға түсе қойған жоқ шығар...
Қалың ой үстінде тұрмын.
...Не болсада, тәуекел! Сұрап көрейін.
– Жастар, араларыңызда Жаңақорған ауда­нынан бар ма? – дедім.
Көптің арасынан:
– Мен Жаңақорғандыкімін, – деген дауыс шықты.
Ішім жылып, жекжат-жұрағатымды тапқандай қуанып кеттім... Газеттің №82 (8203) нөмірінде Сыр өңірінің жур­налистерімен бірге Мәскеуге барып-қайтқаным туралы жазылды... Біз мегаполистегі уақыт тапшылығына қарамастан сонда білім алатын қызылордалық жастармен жүздестік.
Кездесуге келгендер арасында Қызылорда қа­ласының жастары басым болды. Қазалықтар мен аралдықтардың қатары аз болмады. Қармақшы мен Жалағаштың жастарынан төрт-бесеуден табылды.
Аудан-ауданнан барған тілшілер жерлестерімен кез­десіп, мәре-сәре әңгіме құрып, ауыл-аймақтың жаңалығын, ағайынның амандық-саулығын сұрап жат­ты.

Жалғыз қалдым. Сананы Жаңақорғанның жастары жоқ-ау деген ой тұмшалады.
Е-е-е, біздегілердің таным-түсінігі белгілі ғой! Кө­біне ағайынгершілікті алға тартып... тәуекелге бел бумайтыны бар. Сондықтан Мәскеудің жоғары мектептеріне оқуға түсе қойған жоқ шығар...
Қалың ой үстінде тұрмын.
...Не болсада, тәуекел! Сұрап көрейін.
– Жастар, араларыңызда Жаңақорған ауда­нынан бар ма? – дедім.
Көптің арасынан:
– Мен Жаңақорғандыкімін, – деген дауыс шықты.
Ішім жылып, жекжат-жұрағатымды тапқандай қуанып кеттім...
Бағдарлап қарасам, түр-келбеті славян ұлтына жақын.
– Привет! Как дела? – дедім.
– Сәлеметсіз бе? Жағдайым жақсы, – деп күлімдеді.
– Қазақ тілін қайдан үйрендіңіз?
– Ауылда бәрі қазақша сөйлемей ме?!
– Есіміңіз кім? Қай жердің тумасысыз? Қандай мектептің түлегісіз? – деп қуанғаннан сұрақты жаудыра түстім.
– Анастасиямын. Әкемнің есімі – Александр. Тегім – Балясникова. Кіндік қаным тамған жер Жаңақорған кенті. Сондағы Н.Ильялетдинов атындағы №169 мектептің түлегімін.
– Мәскеуге жолыңыз қалай түсті?
– Мәскеу қаласындағы университеттің біріне құжат тапсыруды ойлағанымда «Е, онда түсу оңай ма? Сенің тірегін жоқ. Одан да ҰБТ-ға жақсылап дайындалған» дегендер көп болды. Бірақ, менің ішкі дауысым Қызылорда қаласында Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университетіне құжат тапсыруыма итермеледі. Сосын математика, физика, орыс тілінен емтихан тапсырдым. Оған қоса, ҰБТ-ға қатыстым.
Уақыт өте берді. Ауылдастарымның айтқан сөзінен кейін Мәскеуге оқуға түсуден үмітімді үзе бастаған едім. Бір күні ұялы телефон безілдеді. Асығыс-үсігіс алдым. Арғы жақтан «Сіз Ресейдегі қарқынды дамып келе жатқан ғылыми-зерттеу университетіне оқуға түстіңіз» деген дауыс естілді. Құлағым шыңылдап қоя берді. Сенер-сенбесімді білмедім... Мәскеуге жолым осылай түсті...
Жалпы, тәуекелшіл емеспіз ғой! Сенбейміз... Секем­шілміз... Адам іздейміз... Бізде Мәскеудегі белді ЖОО білім алуға қабілетті жастар көп-ақ. Яғни, талпынса, ниет танытса Мәскеудегі білім ордалары қол жетімді, – деді ол.
Айтса, айтқандай-ақ, көп нәрсеге сенбегендіктен биік-биік мұрат-мақсат құра алмаймыз. Көп жағдайда ауылды айналшақтап, ұзаққа баруға жүрексінеміз. Ал, қаршадай қыз – Анастасияның мұраты – анық, мақсаты – биік...
– Ресейдің жоғары мектебі несімен ерекшеленеді?
– Менің ойымша, теориялық білім тәжірибемен ұш­тастырылып отырады. Мәселен, біздің оқитын Мәскеу ұлт­тық технологиялық зерттеу университетінде бірінші курстан мамандықты тереңдетіп оқытып, зерттеу, талдау жұмыстарына басымдық беріледі.
– Мамандығыңыз қандай?
– Стандарттау, метрология және сертификаттау ин­женері.
Әңгіме қыза түсті. Сұрақты Мәскеудегі өміріне ойыс­тырып:
– Ресейдегі қызылордалық жастармен қарым-қаты­насыңыз қалай?
– Мәскеуден жаңа достар, рухани сырлас құрбылар таптым. Бойларынан қазақы қасиет аңқитын қызылордалық жастардан алыс кету қиынның-қиыны. Сондықтан, Сыр өңірінің жастармен араластығым да жақсы.
Мұнда 400-ге аса қызылордалық жастар бар. Олар өте ұжымшыл әрі бауырмал. Бір-біріне демеу болып жүреді...
...Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Мәскеуде білім алуға жағдай жасағанына мың алғыс, – дейді талапты жас.
Расында, облыс әкімі жастардың бәсекеге қабілетті, білікті, білімді болуына көпы мүмкіндіктер жасауда. Оның айқын дә­лелі, 2014 жылы Ресейдің озық жоғары мектептерімен меморандумға отырды. Мақсат – түлектерді елдің дамытуға қажетті мамандық түрлері бойынша дайындау. Яғни, жастар аймақ экономикасының сұранысына сай мамандықтарды игеріп, облыста индустриалды-инновациялық жобалардың сәтті іске асуына, экономиканың өркендеуіне үлесін қосатын болады.
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев егер менен «облыстың әкімі ретінде немен мақтанасыз?» деп сұраса, онда өндірісті, кәсіпкерлікті немесе ауыл шаруашылығын емес, алдымен мектеп бітірген түлектерді атап өтер едім. Ерекше атап өтетіні мектеп бітірген облыс түлектерінің 97 пайызы жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға түсті. Оған Ресейдің белді оқу орындарын қосыңыз. Бұл өте үлкен жетістік деп ойлаймын. Осы жастар ертең елдің жаңаруына үлес қосып, жаңалықтармен таңғалдыратын азаматтар, елге тірек болады» дегенін жиындарда талай естідік...
Анастасияның Мәскеудегі белді оқуға түскені тегін емес екен. Сөз саптауы шираған, ойлау қабілеті кемелденген.
– Бәсекеге қабілетті болудың негізі неде?
– Білімді, білікті болуда. Шетел тілдерін меңгеруде...
– Сіз қандай тілдерді білесіз?
– Өз тілім – орыс тілі. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Одан бөлек ағылшын тілін білемін. Қазір неміс тілін үйреніп жатырмын.
– Үздік болу үшін не істемек керек?
– Еңбектену қажет.
– Оқуды бітіргеннен кейін елге қайтасыз ба?
– Әрине, ата-анам сонда ғой! Бірақ, Мәскеудегі өмірге бейімделіп келемін...
– Бос уақытыңызды неге арнайсыз?
– Мәскеуде бос уақыт табу қиын болғанымен тауға өрмелеу спортымен шұғылданамын.
Екеуара әңгімемізді «қызылордалық жастармен естелік үшін суретке түсейік» деген дауыс бөлді. Біз Настияға мақсатына жетуіне тілектестік білдіріп, қоштастық...
– Ағай, ауылдағыларға сәлем айтыңыз! Ауылды сағындым! Бірнеше айда барып қалармын, – дегені денені шымырлатып жіберді...
Қаршадай орыс қызының ауылды сағынуы кіндік қаны тамған жердің киесі, қасиетінен деп ой түйдім...

Жаңақорған-Мәскеу-Жаңақорған.
03 қараша 2018 ж. 1 022 0